Исатай және Махамбет алаңында Астана күніне арналған стронгмен (күштік экстрим) мен абсолюттік салмақ дәрежесінде армрестлингтен жарыстар өтті.
Мықтылардың экзотикалық жарыстары көп адамның назарын аударды. Жарыстар бағдарламасына 40 келілік гантелді бір минутта бір қолмен көтеру, 160 келілік зілтемірді 1 минут тізесіне дейін көтеріп тұру, салмағы 270 келі К-700 тракторының тегіршегін 1 минутта орнынан қозғап, айналдыру, микроавтобусты 20 метрге тарту сайыстары кірді.
Жарыс қорытындысында барлық түр бойынша жеңіс «Атырау» фитнес орталығының нұсқаушысы, пауэрлифтингтен Азия чемпионы Эдуард ҚАБДЕШЕВКЕ бұйырды. 2-орынды пауэрлифтингтен Азия чемпионы Дмитрий ЛИ, 3-орынды Дмитрий РОМАНЮК, 4-орынды Владимир ЛИ алды.
Армрестлинг сайысына 22 атлет қатысты. 1-орынды Николай КУЧКИН, 2-орынды Александр ПОПОВ алса, 3-орынға Роман АХИЯЛОВ ие болды.
Осындай келесі жарыс қаламызда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 12 шілде күні сағат 20.00-де Мұнай және газ институтының аумағында болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор