«Атырау» командасы үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетуде. Жарыс барысы туралы команда капитаны, бірнеше дүркін облыс чемпионы, республикалық турнирлердің жеңімпазы Айбек ҚАЙЫРЛИЕВ (суретте) әңгімелеп берді.
«ЖАРЫП ШЫҒУҒА ДАЙЫНДАЛДЫҚ»
- ҚР ашық клубтық чемпионатында «Атырау» өткен жылдан бері қатысады. Өткен жылы біз ойынды Жоғары лигада бастап, алтын медаль ұтып, Суперлигаға жолдама алдық. Мұнда «Атыраудан» басқа «Астана», «Хван Ман Гым» (Ташкент), «Сосновый бор» (Қостанай), «Best Oil» (Тараз), СК «ENRC КазХром» (Павлодар), «“Астана" үстел теннисі клубы» и «№4 БЖСМ» (Өскемен) сияқты жеті мықты команда қатысады. Суперлигадағы өткен маусым біз үшін сәтті өтті деп айтуға болады, тартысты өткен жарыста қола медальға қол жеткіздік.
Биылғы жылдың чемпионатында екі тур өтті. Қостанайда өткен бірінші турдың қорытындысы бойынша «Астана» 1-орын алды. Оның құрамында қазақстандық үстел теннисінің жарқын жұлдыздарының бірі, Австриядағы Шлягер мектебінің шәкірті Кирилл Герасименко, сондай-ақ Ресей жастар құрамасының мүшелері Равиль Мутигуллин мен Павел Лукьянов ойнайды. 2-орынды құрамында Өзбекстан және Эстония құрамаларының ойыншылары өнер көрсететін ташкенттік «Хван Ман Гым» алды. Біз үшінші болдық.
Екінші тур мамыр айында Алматыда өтті. Тур басталар алдында «Атырау» командасының мүшелер алдарына «Хван Ман Гымды» жеңуді мақсат қылып қойып, оны орындады. Өзбек командасын, сондай-ақ, «Астанадан» басқа командалардың барлығын 4:0 есебімен ұттық. Екінші тур қорытындысы бойынша «Атырау» 2-орын, екі турды қосқанда 3-орынға табан тіреді. Екі турдан кейін қоржынымызда 24 ұпай бар, «Хван Ман Гымнан» бір ұпай ғана қалып келеміз. «Астанада» 28 ұпай.
- Ойыншылармен таныстырыңызшы.
- Командада мен Диас Сәрсенбаевпен жұптасып ойнаймын, сонымен қатар, ақтөбелік Әсет Бабасов, әлем чемпионатына қатысушы, ҚР чемпионы алматылық Тимур Келбұғанов, қарағандылық Эрик Райтер мен шымкенттік Бекұлан Жамал ойнайды. Тимур атыраулық жанкүйерлерге таныс. Ол 2013 жылы АМУ-дің «Жайық» ДСК-нде өткен І Президент Кубогында күміс жүлде алды. Қазір бұл турнир дәстүрлі болып, халықаралық жарыс мәртебесіне ие болды. А. Бабасов пен Т. Келбұғанов басқаларынан үздік ойын көрсетіп жүр. Жастар соларға теңелуі тиіс.
- Ойындардың ішінде қандай кездесу ерекшелігімен есте қалды?
- Біздер үшін чемпионаттың арлық ойындары маңызды. Біз алдымызға көшбасшылардан қалмай, басқа командалар алдындағы басымдығымызды жоғалтын алмауды мақсат қылып қойдық, соған қол жеткіздік. Енді бір серпіліп, «алтын» ұтуға тырысуымыз керек. Мен Кирилл Герасименконың біздің команда қатарында өнер көрсетуіне келісімін алдым. Ол төртінші турда біздің командамызға ойнайды деп жоспарлануда.
«КӨМЕКТЕСУГЕ ЕШКІМ АСЫҒАР ЕМЕС»
- Команданың қаржылық жағдайы қалай?
- «Атырау» командасына демеушілер керек. Құрал-саймандар мен жаңа ойыншылар алуға кететін шығындарымыз сондай үлкен емес – 2-3 миллион теңге. Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасы бізді қаржыландырады, алайда бар ақшамыз жолақыға, спортшылардың тамағы мен жататын орнына кетеді. «Легионерлердің» жалақысын өз қалтамнан төлеймін.
- Командаға жергілікті ойыншыларды тартқан дұрыс шығар?
- Өкінішке орай, Атырауда жоғары деңгейлі теннисшілер жоқ. Мұндай шеберлерді дайындау үшін жастарды үлкен жарыстарға көп алып бару керек. Біз болашағы бар жас спортшыларды қосалқы ойыншы ретінде жарыстарға алып баруға дайынбыз. Алайда тек дұрыс қаржыландыру болса ғана… Суперлиганың басқа командалары өздерімен бірге 10-15 жас ойыншыларды ертіп жүреді. Біздің командамызда қосалқы ойыншылар өте аз.
Чемпионаттың үшінші туры 22-25 тамыз аралығында Өскеменде өтеді. Шешуші төртінші турды желтоқсан айында Атырауда өткізу жоспарлануда. Жанкүйерлердің қолдауын күтеміз.
- Командаларыңызға бола-шақта мүше бола алады деген жергілікті ойыншыларды атаңызшы.
- Бұл - облыс жасөспірімдер құрамасының мүшелері Иван Ряснов, Руслан Юн, Денис Тудаков. Облыстың аға жаттықтырушысы Риза Мамытованың қарамағында отыз бала дәріс алып жатыр. Осындай бала жеке меншік үстел теннисі клубында жаттықтырушы Владислав Сергеевич Теннің қарамағында жаттығу жасауда. Керек болған жағдайда жақсы ойыншылар табуға болады.
- Облысымызда үстел теннисін дамытудың болашағы қандай?
- Теннистің адам денсаулығына жақсы әсері баршаға белгілі. Алайда теннисшілерге көмектесуге ешкім асығар емес. Біз Нұрсая ықшамауданында теннис орталығының ашылуын тағатсыздана күтудеміз. «Мұнайшы» спорт кешенінде теннисшілер бір залда каратешілер және гимнастшылармен бірге жаттығып жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ