Атырау, 6 мамыр 13:46
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

3 088 просмотра

Image 0

Жас әйел 1 шілдеге қараған түні танысының үстел үстінде жатқан 5 мың теңгені ұрлап кеткендігін полицияға хабарлады. Күдікті - 29 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

***

Криминалдық полиция қызметкерлері Сарыөзектен 23 жастағы жігітті ұстады. Оның пакетінде сыңарауыз аңшы мылтығы болған. Сараптама жүргізілуде.

***

Полицияға 23 жастағы қала тұрғыны хабарласты: 26 маусымда оның 45 жастағы танысы арзан құрылыс материалдарын алып беремін деп уәде беріп, оның 216 мың теңгесін алып, ғайып болған. Күдікті ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Шілденің 1-де таңертең белгісіз біреу Жазықбаев өткелінде тұраққа қойылған «Фольксваген-Пассат» көлігінің терезесін сындырған. Ұрлық жасады деген күдікпен 16 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

***

Ақжар поселкесінің тұрғыны полицияға 1 шілдеде сағат 9-дан 12-ге дейінгі кезеңде оның үйінің ауласынан құны 7 мың теңге тұратын қол арба ұрланып кеткенін хабарлады. Тергеу жүргізілуде.

***

Шілденің 2-де күндіз Жеңіс бағында ер адамды тонап кетті. «Самсунг» ұялы телефоны қаскөйдің олжасына айналған. Зардап шегуші тонаушының белгілерін хабарлады. Бейнебақылау камерасының көмегімен полицейлер Авангард, 3-ықшамаудандағы үйлердің бірінің жанында күдіктінің ізіне түсті. «Батыс» патрульдік машинасының экипажы оны ұстады. Ұсталушы – Махамбет послекесінің 23 жастағы тұрғыны.

***

Шілденің 6-на қараған түні Азаттық даңғылында белгісіз екеу Геолог поселкесінің 32 жастағы тұрғынын тонап, «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған. «Батыс» полициясының кезекші жасағы сипаттау арқылы 23 және 30 жастағы күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Ұстау кезінде олар айғақтардан құтылмақ болған. Тергеу жүргізілуде.

***

Котяевка-Ганюшкин тас жолында кісі өлімімен аяқталған көлік апаты орын алды. «Лада» ВАЗ-2109 көлігі жылдамдықпен келе жатып шұңқырға түсіп кетіп, аударылған. 19 жастағы жүргізуші, Ганюшкин тұрғыны алынған зақым салдарынан сол жерде көз жұмды.

***

Шілденің 6-да кешкісін Жерұйық ықшамауданындағы үй қожайыны ауласына шығып, «Жигули» ВАЗ-2107 көлігін бөлшектеп бұзып алып жатқан екі арсызды көреді. Полиция 22 жастағы екі «механикті» ұстады. Тергеу жүргізілуде.

***

Шілденің 6-да кешкісін Жилгородоктағы жағажайда шомылуға кеткен қыздың жағада қалған киімдерінің арасынан құны 90 мың теңге тұратын Lenovo ұялы телефонын ұрлап кеткен. Күдікті, 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

***

Шілденің 7-не қараған түні Махамбет көшесінде 25 жастағы жігіт құрбысымен бірге 35 жастағы әйел мен оның 15 жастағы ұлын ұрып-соққан. Бұзақылар ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Шілденің 7-де таңертең Сәтпаев даңғылының бойына тұраққа қойылған «Приора» көлігінен белгісіз біреу USB-модем мен DVD-дискілерді ұрлаған. Зиян 35 мың теңгеге бағаланды. Күдікті, 24 жастағы Геолог тұрғыны ұсталды.

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.