Атырау, 4 мамыр 12:47
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Дәретхананы құлатып, жаңа туған сәбиді құтқарып алды

4 059 просмотра

Image 07 шілдеде сағат 13-те Жылыой АІІБ-не «жедел жәрдем» фельдшерінен Құлсары қаласында 5-ауылдағы үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана шұңқырынан жаңа туған сәби табылғаны туралы телефон хабарламасы түсті.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, тергеу-жедел бригадасы оқиға орнына барған кезде, ол жерде адамдар көп жиналып қалған, бірақ ешкімнің әлдебір әрекет жасауға батылы бармай тұр екен. Жаңа туған сәби тірі, кіндігі кесілмеген күйі шұңқырда жатқан.

Полицейлер дәретхананың дуалын бүйірлете құлатып, содан соң полиция қызметкері Амангелді Мұқашев шұңқырға түсіп, жаңа туған сәбиді шығарып, медиктер қолына табыстады. Сәби (ұл бала) перзентханаға жеткізілді, қазір жағдайы тұрақты. Полицейлер сәби анасының Құлсары қаласының 22 жастағы тұрғыны, 2-топ мүгедегі екенін анықтады. Оқиға барысы анықталуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 шілде 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.