Атырау, 1 қаңтар 13:42
 бұлттыВ Атырау -6
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Барлық жаңалық

Аттракциондар болмайды Басқа жаңалықтар

Аттракциондар болмайды

«Еуразия» саябағы аумағында үстіміздегі жылдың көктемінде иесіз қалған, тот басқан аттракциондарды алып тастады. Атырауда саябақ аумағын түріктер сатып алыпты-мыс, бұл жерде жаңа ойын-сауық саябағы салынатын болады деген алыпқашпа әңгімелер пайда болды.  18 маусым 2014, 12:38 3 142 рет қаралды
Героинмен ұсталды Оқиға

Героинмен ұсталды

13 маусымда Мақат стансасында ІІД-нің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері «Алматы-Атырау» пойызынан билетсіз мінген жолаушыны түсіріп алды. Оның жеке заттарының арасынан жалпы салмағы 45 грамм болатын героин салынған үш полиэтилен пакет табылды. 18 маусым 2014, 11:35 1 975 рет қаралды
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс мақұлданды Қазақстанда

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс мақұлданды

Парламент Мәжілісінің депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын талқыға салды. Бұған дейін аталған құжатқа Сенат бірқатар түзетулер енгізіп, кері қайтарған болатын. Бүгін төменгі палата сол түзетулермен келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламенттің мәжіліс залынан. 18 маусым 2014, 10:29 5 867 рет қаралды
Вован Лукашенкоға қатысты әзіл әрекеттің егжей-тегжейін түсіндірді Әлемде

Вован Лукашенкоға қатысты әзіл әрекеттің егжей-тегжейін түсіндірді

"Vovan222 өзінің Facebook парақшасында Белорусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесуіне қатысты әзіл әрекеттің егжей-тегжейін түсіндірді. Оның сөзіне қарағанда, Интернетте жария болған аудиожазба ол үшін тосын жай болған, ол мұндай жазбаны Желіге салмағанын мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz. 18 маусым 2014, 10:19 2 691 рет қаралды
Парламент Қылмыстық-процестік кодексті қабылдады Қазақстанда

Парламент Қылмыстық-процестік кодексті қабылдады

Мәжіліс депутаттары бүгін Қылмыстық-процестік кодекс жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулармен келісіп, сәйкесінше кодекс қабылданды. Енді кодекс Президентке қол қойылуға жіберілді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  18 маусым 2014, 09:47 6 858 рет қаралды
Оралда БЖК-2020 бағдарламасы аясында жаңа кинотеатр ашылады Қазақстанда

Оралда БЖК-2020 бағдарламасы аясында жаңа кинотеатр ашылады

Оралда қаладағы ең ірі кинотеатр құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылуда.  18 маусым 2014, 09:18 1 753 рет қаралды
Павлодарда шығатын «Халал» еті ресейлік сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие Қазақстанда

Павлодарда шығатын «Халал» еті ресейлік сатып алушылар арасында үлкен сұранысқа ие

Павлодардан шығатын «Халал» маркалы ет Ресей өңірлерінде үлкен сұранысқа ие. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінде өткен аппарат жиналысы барысында аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Шұғаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 18 маусым 2014, 09:16 2 135 рет қаралды
АҚШ әлемдегі ең ірі теңіз қорығын құрмақ Әлемде

АҚШ әлемдегі ең ірі теңіз қорығын құрмақ

АҚШ Тынық мұхитында әлемдегі ең үлкен теңіз қорығын құруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді ел президенті Барак Обама 17 маусымда Вашингтонда өткен "Біздің мұхит" халықаралық конференциясына қатысушыларға арналған үндеуінде. Конференция АҚШ мемлекеттік департаментінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған. 18 маусым 2014, 09:10 2 068 рет қаралды
Украина газ құбыры жарылысын тексеріп жатыр Әлемде

Украина газ құбыры жарылысын тексеріп жатыр

Украинаның ішкі істер министрі Арсен Аваков 17 маусым күні Полтава облысы аумағынан өтетін Уренгои-Поморы-Ужгород газ құбырындағы жарылыс теракті болуы мүмкін деп мәлімдеді. Оның айтуынша, құзырлы орындар жарылысқа себеп болуы мүмкін бірнеше болжамды тексеріп жатыр. Ең негізгі болжам - теракті. Аваковтың сөзінше, жергілікті тұрғындар құбырда жарылыс болар алдында екі рет баяу жарылыс дыбыстарын естігендерін айтады. 18 маусым 2014, 09:02 2 246 рет қаралды
Биыл Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өседі – Е.Досаев Қазақстанда

Биыл Қазақстан экономикасы 4,5 пайызға өседі – Е.Досаев

Қазақстан экономикасы 2014 жылы 4,5% өседі деп болжанып отыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 17 маусым 2014, 16:25 6 443 рет қаралды
Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды Қазақстанда

Қазақстанда халықаралық пойыздар билетіне жеңілдік қарастырылды

Бірінші тамыздан бастап, халықаралық пойыздарға билетті алдын ала сатып алуда жолаушылар үшін жеңілдіктер қарастырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 17 маусым 2014, 14:51 1 611 рет қаралды
Ресей Украинаға қатысты тағы бір қарар ұсынды Әлемде

Ресей Украинаға қатысты тағы бір қарар ұсынды

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистердің қақтығыстарын реттеу және гуманитарлық ахуалды жақсарту жөнінде жаңа қарар ұсынды. Ресей Украинадағы дағдарысқа қатысты бұған дейін де екі рет қарар ұсынып, онысы Қауіпсіздік кеңес мүшелерінің қарсылығына ұшыраған. 17 маусым 2014, 14:49 2 206 рет қаралды
Бас прокурор: 2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған Қазақстанда

Бас прокурор: 2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған

2013 жылы Қазақстанға шетелден 200 млн. доллар қайтпай қалған. Бұл туралы бүгiн Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлiм еттi. 17 маусым 2014, 14:45 1 268 рет қаралды
Петропавлда университет ұстазы із-түзсіз жоғалып кетті Қазақстанда

Петропавлда университет ұстазы із-түзсіз жоғалып кетті

Петропавлда университет оқытушысы із-түзсіз жоғалып кетті. Полицейлер, туған-туыс пен волонтерлердің 38 жасар Ербұлан Стабаевты іздеп жатқандарына бір апта болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 17 маусым 2014, 14:35 1 301 рет қаралды
Тағылған айыбы дәлелденген жағдайда Рахат Әлиев Венада өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін- БАҚ Қазақстанда

Тағылған айыбы дәлелденген жағдайда Рахат Әлиев Венада өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін- БАҚ

Қазақстанда адам өлтіргені үшін және билікті зорлықпен басып алуға әрекеттенгені үшін 40 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған республика президентінің бұрынғы күйеу баласы, Венада маусымның басында ұсталған  Рахат  Әлиев Австрия заңдар бойынша кінәсі  дәлелденген жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп жазада Deutsche Welle газеті‎. 17 маусым 2014, 14:32 2 300 рет қаралды
Жер кіндігіне саяхат Басқа жаңалықтар

Жер кіндігіне саяхат

Қазақстан көмірсутек қорларын іздеп табу бойынша аса терең бұрғылаудан дүниежүзілік рекорд орнатуға ниетті. 2015 жылы Атырау облысында (шамамен Батыс Қазақстан облысымен шектесетін жерде) барлау ұңғымасын тереңдігі 15 шақырымға дейін бұрғылау жұмыстары басталмақ. Жоба «Еуразия» деп аталады, оны Айға зымыран ұшырғанмен салыстыруға болады... 17 маусым 2014, 09:40 4 848 рет қаралды
Әңгімелесу тәубе жасау емес Басқа жаңалықтар

Әңгімелесу тәубе жасау емес

HeadHunter зерттеу агенттігі мың жарымға жуық жұмыс берушілерден сауалнама алып, жұмыс іздеушілермен әңгімелесу кезінде өзіңнің келеңсіз мінез-құлықтарың жөнінде ашық айту қажет пе, оның зардабы қандай болуы мүмкін деген сұрақтарға жауап іздеді. 17 маусым 2014, 15:35 7 927 рет қаралды
Төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды Басқа жаңалықтар

Төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды

Облыста Каспий теңізі деңгейінің көтерілуіне және Атырау қаласы мен Исатай ауданы жағалау аумақтарының суға кету қаупіне байланысты енгізілген төтенше жағдай 17 маусым күнгі сағат 15.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы ТЖД баспасөз хатшысы Самал АБИРОВА хабарлады.  17 маусым 2014, 10:14 3 113 рет қаралды
Украинадағы жағдай: Луганскінің 600 тұрғыны Ресейге эвакуацияланады Әлемде

Украинадағы жағдай: Луганскінің 600 тұрғыны Ресейге эвакуацияланады

Украинадағы жағдай дәл қазір ушығып тұр. Луганск және оған жапсарлас жатқан елді мекендердің шамамен 600 тұрғыны Ресейдің Воронеж облысына эвакуацияланбақшы, - деп хабарлайды өз-өзін Луганск халықтық республикасы деп жариялаушылардың Жоғарғы кеңесі аппаратының жетекшісі Лия Коваленкоға сілтеме жасаған РИА Новости. 17 маусым 2014, 09:32 1 670 рет қаралды