Атырау, 30 қыркүйек 06:31
 дождьВ Атырау +13.2
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Суға кеткендер құтқарылды

2 299 рет қаралды

Бүгін таңертең ІІД жедел басқару орталығының пультіне Маслопром маңындағы Жайық өзенінде казанка қайығы аударылып қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 5 минуттан кейін оқиға болған жерге жақын маңда жүрген жол-патрульдік қызметкерлерден құралған «Батыс-1» тобы жеткен. Олар келген кезде үш адам жағалауға өздіктерімен шығыпты. Ал суда бір қыз жандәрмен суды сабалап жатқан.

– Атырау қалалық ІІД ЖПД сержанты Фархат БАЗАРҒАЛИЕВ ойланбастан суға секіріп, батып бара жатқан қызды құтқарды, - дейді Мұхтарова. – Бұл уақытта «жедел жәрдем», ТЖ қызметкерлері жеткен. 20 жастағы қызды ауруханаға, терапевтік бөлімшесіне алып кетті. Жігіттер - 1971, 1989 және 1991 жылы туылған тұлғалар. Оқиғаның орын алу жағдайы анықталуда, алкогольді пайдалану тұрғысында сараптама тағайындалды. Сол жерден спирт иісі шығып тұрған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

18 маусым 2014, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.