"АЖ" мұрағатынан алынған фотосурет«Ақ Желкен» шығармашылық орталығында облыстың елді мекендеріндегі діни ахуал төңірегінде баяндалды.
Аудандар мен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың дінге қатысты сұрақтарына тікелей жауап берген теологтар кей ауылдарда мешіттер мен имамдардың жоқтығына тоқталды. Айтуларынша, аудан орталығынан шалғай жатқан кейбір ауылдарда тұрғындардың жаназа шығаруға молда таба алмай, қиналатын кездері болады екен. Ал имам-молдалардың тапшылығы облысымызда көптен бері қозғалып жүрген мәселе. Оның шешімінің таба алмай келуінің себебін жалақымен ғана емес, өңірде исламдағы жат ағымдардың құрығына түсіп кеткендердің көптігімен байланыстыратындар бар.
Соңғы жылдары осы және өзге де діни мәселелердің алдын алу шаралары негізінде облысымызда имам-молдалардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында түрлі тренингтер өткізу қолға алынған. Облыстық орталық мешіті жанынан екі айлық медресе ашылды. Жақында облыстық дін істері басқармасының бастамасымен имамдар жалақысы мәселесін шешу мақсатында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры құрылған.
Атырау облысында бүгінде 28 мешіт жұмыс істейді (мешіттердің екеуінде имам жоқ).
Айнұр САПАРОВА