Атырау, 5 желтоқсан 16:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ұлыбритания Тегераннан елшілік ашуды тағы да жоспарлап отыр

1 705 рет қаралды

Уильям Хейг. Фото trend.azУильям Хейг. Фото trend.azАлматы. 17 маусым. ҚазТАГ - Ұлыбритания Тегераннан елшілік ашуды тағы да жоспарлап отыр, деп хабарлады ВВС орыс қызметі.

«Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг сейсенбі күні Тегераннан тағы да британдық елшілік ашу туралы ниетін жарияламақшы», - делінген жарияланымда. Бұл қадамның егжей-тегжейі туралы дерегін министр парламентке ұсынатын болады.

ВВС еске салғандай, Британия 2011 жылы Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзген болатын. Алайда соңғы айларда «екі елдің қарым-қатынасы барынша жақсарды». Ақпаратқа сенсек, қарым-қатынастарының жақсаруына «Иран билігіне жаңа лидердің келуі», сондай-ақ Иранның ядролық бағдарлама бойынша халықаралық келісімге қол жеткізуі септігін тигізген.

Дереккөз: ҚазТАГ

17 маусым 2014, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.