Атырау, 20 маусым 02:19
 дождьВ Атырау +30
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Героинмен ұсталды

2 011 рет қаралды

13 маусымда Мақат стансасында ІІД-нің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері «Алматы-Атырау» пойызынан билетсіз мінген жолаушыны түсіріп алды. Оның жеке заттарының арасынан жалпы салмағы 45 грамм болатын героин салынған үш полиэтилен пакет табылды.

ІІД баспасөз қызметіндегілерхабарлағандай, ұсталушы – Атырауға кетіп бара жатқан 38 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 259-бабы («Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

18 маусым 2014, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.