
Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенко жаңа жыл мерекесі алдында 22 адамды кешіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кешірілгендердің 20-сы экстремистік бағыттағы қылмыстар бойынша сотталғандар. Олардың ішінде 15 әйел және 7 ер адам бар, ал 11-інің кәмелетке толмаған балалары бар.
Барлығы президентке жеке өтініш жасап, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Кешіру шешімі гуманитарлық тұрғыдан, сотталғандардың отбасыларының мүдделерін ескере отырып және олардың оң мінездемелеріне сүйене отырып қабылданған.
В Атырау -10