АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 13 маусым 2014 жыл. АҚШ Тынық мұхитында әлемдегі ең үлкен теңіз қорығын құруды жоспарлап отыр деп мәлімдеді ел президенті Барак Обама 17 маусымда Вашингтонда өткен "Біздің мұхит" халықаралық конференциясына қатысушыларға арналған үндеуінде. Конференция АҚШ мемлекеттік департаментінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған.
Обама жоспарланып отырған қорықтың аумағы қандай болатынын айтқан жоқ. Бірақ Ақ үйдегі дереккөздеріне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралдары Обама жаңа теңіз қорығы туралы сөзінде "Тынық мұхитындағы шалғайдағы аралдар" ұлттық қорығының аумағын кеңейту туралы айтты деп хабарлады.
Қорық Гавай және Америка Самоасы аралдарының арасындағы мұхит сулары аумағын қамтымақ. Қорық аумағында балық аулауға, пайдалы қазбаларды өндіруге және қоршаған ортаға зардап келтіруі мүмкін әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Барак Обама бұған қоса федералдық агенттікке балықты заңсыз аулаумен және теңіз өнімдерінің нарыққа заңсыз шығарылуымен күресу бағдарламасын дайындауды тапсырғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы
18 маусым 2014, 09:10