
Атырау облысы әкімінің өкімімен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Ерболат Болатжанұлы Омаров тағайындалды.
1982 жылы дүниеге келген Ерболат Омаров – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2001 жылы сот органдарында және мемлекеттік қызметте заңгер ретінде бастаған.
Кейінгі жылдары ол аталған басқарманың басшысының орынбасары және басшысы, Мақат ауданының әкімі, Солтүстік Қазақстан облысы Экология департаментінің басшысы, сондай-ақ Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
В Атырау -4