
Полтава облысы елдің шығысындағы Днепропетровск және Харьков облыстарымен шектеседі және ресейшіл сепаратистермен шайқас жүріп жатқан Донецк және Луганск облыстарына жақын орналасқан. Құбыр арқылы Ресейден Словакия, Венгрия және Румынияға жылына 29 миллиард текше метр газ тасымалданып, одан ары Батыс Еуропаға қарай жөнелтіледі.
Ресейлік "Газпром" компаниясы мен украиналық оператор "Укртрансгаз" компаниясы құбырдағы жарылыс Еуропаға газ тасымалдауға еш әсер етпейді деп мәлімдеді.
Дереккөз: Азаттық радиосы
18 маусым 2014, 09:02