
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда журналистерге берген сұхбатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды «жақын досым, мен оны құрметтеймін» деп атады. Ол сондай-ақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да Ердоғанға құрметпен қарайтынын айтты, деп хабарлайды АА.
Трамп бұл пікірін Флоридада Нетаньяхумен кездескеннен кейін білдірді. Кездесуде тараптар Газа мәселесін, Батыс жағалаудағы жағдайды және заңсыз қоныстарды талқылаған. Трамп Израильдің атысты тоқтату келісімін сақтайтынына сенім білдірді.
Президент АҚШ Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды қарастырып жатқанын, бірақ олар ешқашан Израильге қарсы қолданылмайтынын атап өтті.
Трамп Ердоғанның Сириядағы саяси өзгерістерге ықпал еткенін, Башар Асадты биліктен кетіруге үлкен көмегі болғанын айтып, оны мойындау қажет екенін жеткізді. Ол жаңа Сирия президенті Ахмед аш-Шарааны «күшті лидер» деп бағалап, ДАИШ-қа қарсы күрестегі қадамдарын қолдайтынын айтты.
Сонымен қатар, АҚШ пен Израиль Сирия мәселесінде ортақ түсінікке келгенін мәлімдеді.
Иранға қатысты Трамп ескерту жасап, егер Израиль соққы берсе, АҚШ дайын екенін айтты. Оның сөзінше, Иран өз әрекеттерінің салдарын біледі және ол өте ауыр болуы мүмкін.
В Атырау -3