Атырау, 21 қыркүйек 14:52
 ашықВ Атырау +16
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Барлық жаңалықтар

"Сіз мені ұмытып кеткен жоқсыз ба?" Қоғам

"Сіз мені ұмытып кеткен жоқсыз ба?"

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатқа жақсы желеумен аяқ бастым. Бұл жерде жуырда асырап алушы ата-аналар мектебі ашылды. Интернаттың әлеуметтік педагогы Айсұлу ҚАДЫРЖАНОВА жаңа мектеп жұмысы туралы әңгімелей бергенде, кенет кабинеттің есігі жайлап ашылды да, бір тентек балақайдың басы жылт етті... 26 қыркүйек 2012, 23:11 4 257 просмотра
Газ жоқ, нансыз қалдық Басқа жаңалықтар

Газ жоқ, нансыз қалдық

25 қыркүйекте «Интергаз – Орталық Азия» АҚ-ның «Атырау» магистральды газ құбыры басқармасы газ тораптарын жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты Атырауда табиғи газдың берілуі толықтай тоқтатылды. Осының салдарынан облыс орталығында наубайханалар да жұмыстарын тоқтатты. 26 қыркүйек 2012, 23:01 2 377 просмотра
Cтамбулда жолдары болмады Басқа жаңалықтар

Cтамбулда жолдары болмады

25 қыркүйекте «Эйр Астана» әуе компаниясының Стамбулдан Атырауға кері ұшатын рейсі тоқтатылды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жағдай Стамбулдағы Ататүрік әуежайына қонған кезде ұшақтың зақымдануы салдарынан орын алған. 26 қыркүйек 2012, 22:37 1 651 просмотра
Сарбаздың бір күні Қоғам

Сарбаздың бір күні

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында «Әскер - балалар көзімен» деп аталатын әскери-патриоттық акция болып өтті. Екі жүздей мектеп пен колледж оқушылары әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың тіршілігімен жете танысты. 26 қыркүйек 2012, 22:17 3 738 просмотра
Сымбатты болам десеңіз... Қоғам

Сымбатты болам десеңіз...

Бетонды алаңда – зілтемірлер жатыр, ал телефон таймері секундтарды есептеуде. 8 жігіт күту үстінде. Бұл тыныштықты алақанға ұрған шапалақ пен «Қыздар, кеттік!» деген біреуінің ащы дауысы бұзды. Олар сол мезетте өздерінің темірлеріне жармасып, көз алдымызда аққан терге малына бастайды, беттері қызарып, тыныс алулары бұл кештегі тыныштықты селт еткізгендей: мен кроссфиттердің кезекті жаттығуларын бақылап тұрмын. 26 қыркүйек 2012, 22:13 3 719 просмотра
Басқа жаңалықтар

Ұтқанымыз бар болсын...

– Біз «Фанки-таун» балалар кешенінде өткізілген жазғы акциядан Түркияға жолдама ұтқан едік. Алайда басты сыйлық – екі адамға арналған жолдаманы ұсынған туристік компания әлі күнге дейін өз міндеттемелерін орындаған жоқ. Әуелі уақытын кейінге қалдырды, Ақтөбеден ұшу билеттерін (Ақтөбеге бару-келу жолақысын өзіміз төлейтін шартпен) және қонақ үйге ваучерлер сатып алды. Ұшатынымыз туралы кешке ғана хабар етті, ал таңертеңгісін Ақтөбеге кетуіміз керек болды. 26 қыркүйек 2012, 21:58 1 462 просмотра
Басқа жаңалықтар

Темекі тұқылы үшін үш тәулік

Құлсары қаласының тұрғыны мейрамханадан шыға бере темекі тартып, тұқылын жерге тастай салған болатын. Оны полицейлер байқап қалып, жас жігітті тәртіпке шақырған еді. Өз ісіне жауапсыз қараған жас жігіттің үстінен хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданған болатын. Жуырда сот болып, судья жас жігіттің құқық бұзушылықты саналы түрде қасақана жасады деген қорытынды жасай келіп, оны үш тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды. 26 қыркүйек 2012, 21:55 1 698 просмотра
Сары уайымға салған сары ауру Басқа жаңалықтар

Сары уайымға салған сары ауру

«Аман-саулық» қоғамдық қорының мамандары балалардың С гепатитін көп жағдайда медицина мекемелерінен жұқтыратындығына сенімді болып отыр. Біздің облысымызда да ауруханаішілік жұқпалы аурулардың құрбанына айналған балалар бар. 26 қыркүйек 2012, 20:30 11 976 просмотра
Педагогикалық «оқыту» әдістемесі Қоғам

Педагогикалық «оқыту» әдістемесі

Атыраулық екінші сынып оқушысының анасы облыстық прокуратура мен балалар құқығын қорғау департаментіне мұғалімнің әрекетіне қатысты шағым берді. Ол педагогты баласына қол көтерді деп айыптап отыр. 26 қыркүйек 2012, 20:23 5 132 просмотра
Басқа жаңалықтар

Бас балық инспекторы

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығымен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы Амантай АЙЖІГІТОВ берген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды. Бұл орынға оның орынбасары қызметін атқарған Әлібек БҰХАРБАЕВ тағайындалды. 26 қыркүйек 2012, 19:29 1 708 просмотра
Департаментте - жаңа орынбасар Басқа жаңалықтар

Департаментте - жаңа орынбасар

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, ІІМ-нің осы жылдың 11 қыркүйегіндегі бұйрығымен Атырау облыстық ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметіне 1966 жылы туылған, бұрын ІІМ департаменттерінің бірінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі ДҮЙСЕМБАЕВ Аян Сәбитұлы тағайындалды. 26 қыркүйек 2012, 19:25 2 515 просмотра