Атырау, 27 қараша 04:28
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шағын бизнеске берiлетiн микрокредит көлемi 10 млн теңгеге дейiн ұлғайтылды

1 428 просмотра

Image 0Шағын бизнеске берiлетiн микрокредит көлемi 3 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейiн ұлғайтылып отыр. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысында 2015 жылдың 31 наурызында Үкiмет бизнестi дамытуды қолдаудың бiрыңғай бағдарламасын қабылдады. Бiрыңғай бағдарламаға сай микрокредиттеу құралы жаңа форматта жүзеге асырылатын болады. Бұл бағдарлама аясында микрокредиттеу құралы кеңейтiлiп отыр. Бұрын мұндай қолдау тек моноқалаларда iске асырылса, қазiр бұл тiзiм кеңейтiлдi», - дедi Қ.Өскенбаев.

Вице-министр хабарлағандай, ендi елдi мекендердегi, шағын және моноқалалардағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 10 млн теңгеге дейiн микрокредит берiлетiн болады.

«Ал бұған дейiн тек 3 млн теңге ғана берiлетiн. Мұндай кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасы 12 пайыздан аспайтын болады. Бұл шектеу жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн микрокредиттер қолжетiмдiлiгiн айтарлықтай арттырады», - деп нақтылады ол.

Дереккөз: bnews.kz


13 сәуір 2015, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.