Атырау, 27 қараша 04:37
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қазақстанда саусақ ізі арқылы төлем жасау жүйесі ойлап табылды

2 330 просмотра

Image 0Қазақстандық әзірлеушілер саусақ ізі арқылы төлем жасаудың жүйесін жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне стартап авторларының бірі Бақытжан Дос айтып берді. Жоба бойынша саусақ ізі қолданушыларға қауіпсіз, қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қазір қолма-қол ақшасыз төлем жасауға дәстүрлі түрде банк карталары қолданылады. Сатып алушыға интернет-магазин арқылы сауда жасаған кезде интернет-банкинг жүйесін қолдануға да болады. Сонымен қатар, картаны ұялы телефонмен байланыстыратын NFC технологиясы да енгізіліп жатыр. FinPay стартап авторларының айтуынша, саусақ ізі арқылы төлем жасау үшін адамдарға қосымша құралдар қажет болмайды. Бастысы - сатушының ұялы телефонында сәйкес қосымшаның болуы.

Жүйеге тіркелу үшін қолданушыға дактилоскопиялық ақпараттар керек болады. Келесі ақша аударымы стандартты түрде жүзеге асырылады. Қаражат қарапайым картаны қолданғандағыдай банк жүйесі арқылы аударылады. Төлем тарихын компьютер немесе ұялы телефон көмегімен жеке қорғалған жүйеден көруге болады. Бұл қызметті қолдану үшін қолданушы алдын ала жүйеге тіркелуі керек. Сол кезде саусақ ізі банк картасына бекітілетін болады.

Әзірлеушілер саусақ ізін оқып, банк картасымен байланыстыратын қажетті құралдар мен мобильді қосымшалардың дайын екенін атап айтты. Сонымен қатар, стартап авторлары қазақстандық бірқатар банктен технологияға сынақ жасау үшін алдын ала келісім алды. Айта кетейік, жоба авторлары Echelon байқауына қатысады және жобаларын Сингапурда таныстырудан үміттеніп отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 сәуір 2015, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.