Атырау, 28 қараша 09:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Азық-түліктердің "қара тізімі"

2 245 просмотра

Image 0Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті ішкі нарыққа бірқатар азық-түліктерді сатуға жол бермеу туралы хабарлама таратты. «Қара тізімге» іліккен тауарлардың көпшілігі ресейлік өндірістен шыққан, бірақ арасында отандық өндірушілердің өнімдері де бар.

Тексеру барысында тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, сондай-ақ Кеден одағы регламентінің талаптарына сай келмейтін өнімдер анықталды. «Қара тізімге» алуан түрлі 150 атаудағы өнімдер, соның ішінде алкогольдік өнімдер кірген. Негізінен тізімге алынған өнімдер таңбалау талаптарына сай келмейді, алайда анағұрлым салмақты заң бұзушылықтар да бар. Мәселен, орман жаңғағы қосылған «Аленка» шоколадынан («Красный октябрь» ААҚ) 50 КОЕ/г-дан аспайтын норма бойынша 470 КОЕ/г ашытқы анықталған. «Яблочко» печеньесін («Рахат» АҚ) тексеру кезінде ондағы ақуыз құрамы 8,7 (7,3 көрсетілген), көмірсу 76 г (69 г көрсетілген), май – 10,5 г (13,2 г көрсетілген) екені анықталды. «Оливковый» Махеевъ майонезі («ЭССЕН Продакшн» ЖАҚ) май құрамы бойынша сәйкес келмейді – мұнда 67% норма бойынша 55 % май бар. Майлылығы 2,5%, 3,2% және 6% «Простоквашино» сүтінен («Компания Юнимилк» ААҚ) сутек тотығы табылды. «Курский агрохолдинг» ЖАҚ өндірген тауық қанатынан Salmonella Eneriditis, ал «ЦБ Россия четвертинка» («ЗМПК Даль Кама» ЖШҚ) құс аяғынан - Salmonella enterica табылған.

Бірқатар шырындарда нитраттар бойынша шекті рұқсат етілген мөлшердің асқандығы анықталды. 50 мг/кг норма бойынша «Я» деген атаудағы алма шырынында («Лебедянский» ААҚ) нитраттар құрамы 100 мг/кг, балаларға арналған «Фруктовый сад» апельсин мәйегі бар шәрбатта («Лебедянский» ААҚ) - 135 мг/кг, «Сады Придонья» алма шырынында («Сады Придонья» ААҚ) – 130 мг/кг, «Любимый» апельсин шырынында («Бішкек сүт» ААҚ) – 165 мг/кг құрады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

10 сәуір 2015, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.