
26 желтоқсанда Air Astana әуе компаниясының KC 162 рейсі техникалық ақауға байланысты Фукуоктан Алматыға бағыт алғанымен, әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды. Компанияның хабарлауынша, ұшақтағы барлық дәретханалар істен шыққан.
Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 10:04-те Фукуоктан ұшып шығып, 14:14-те қайтадан әуежайға қонды. Қазіргі уақытта мамандар ақауды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Рейстің жаңа ұшу уақыты – 27 желтоқсан, сағат 04:00 (жергілікті уақыт).
Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Сонымен қатар, авиакомпания трансфер мен қонақүйге орналастыруды ұйымдастыруда.
Air Astana өкілдері жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрап, ұшу қауіпсіздігі әрқашан басты басымдық екенін атап өтті.
В Атырау -4