Атырау, 27 қараша 04:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

​Татарстанның жоғарғы соты есірткі үшін заңсыз сотталған қазақстандықты қамауда қалдырды

2 356 просмотра

Image 0Татарстанның жоғарғы соты прокуратураның есірткі саудасы үшін заңсыз 10 жыл түрмеде отырған қазақстандыққа қатысты сот шешімінің күшін жою туралы өтінішін құптамады, деп хабарлады АИФ-Казань Қазан құқық қорғау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сымбат Оғановты ақтауды сұраған құқық қорғаушылар ТР Жоғарғы сотының шешіміне жоғары тұрған сот инстанциясына шағым жасамақ.

Еске сала кетейік, 2005 жылы Набережные Челны қалалық соты Қазақстан азаматы Сымбат Оғановты контрабанда және есірткі саудасы қылмысына айыпты деп танып, 15 жылға бостандығынан айырды. Татарстанның жоғарғы соты жазаны 1,5 жылға жеңілдетті.

Іс материалдарына сәйкес, 2005 жылы Автоградта Оғанов өзінің сыбайласына 500 мың рубльге шамамен 10 кг гашиш берген.
Полицейлер Оғанов есірткіні Қазақстаннан «халықаралық бақыланатын жеткізу» шарасы арқылы жеткізгенін айтқан.

Сотталған кінәсын мойындамай, түрлі инстанцияларға деректердің бұрмаланғанын айтып шағымданған.

Оғановтың «сыбайласының» (есірткі саудасы бойынша сотталған) 2005 жылы 10 шілдеде Набережные Челны қаласында болмағаны белгілі болды. Өйткені бұл кезде ол Қазақстанда жергілікті тергеушілердің сұрағына жауап берген.

Сонымен қатар милициялық басшылықтың «халықаралық бақыланатын жеткізу» шарасын өткізу және оған қызметкерлерін енгізу туралы қаулысы болған емес. Осылайша, осындай сот шешімінің шығуына негіз болған деректердің дәлел бола алмайтыны анықталды.

Сөз соңында Татарстан прокуроры Илдус Нафиков сот шешімінің шығуына негіз болған ТР бойынша ІІМ жедел-іздестіру қызметінің материалдары бұрмаланғанын айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 сәуір 2015, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.