Атырау, 25 қараша 16:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Охот теңізінде батып кеткен кемедегі балықшыларға айыппұл салынды

1 669 просмотра

Image 0Охот теңізінде апатқа ұшыраған "Дальний Восток" кемесіндегі барлық шетелдік азаматқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды Lenta.ru "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап. Олар Ресей аумағында заңсыз қызмет етті деп айыпталып отыр.

Агенттіктің мәліметінше, кеме апатынан аман қалған 26 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсына 2 мың рубльден айыппсұл салынды.

"Апатқа ұшыраған кемеде балық өңдеумен айналысқан 54 шетелдік азамат болған, олар: Мьянма, Латвия, Вануату мен Украина азаматтары. Олардың 26-сы құтқарылды, ал 24-і қаза болды. Із-түссіз жоғалғандардың қатарында Мьянманың үш және Вануатудың бір азаматы бар", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, апаттан аман қалған шетел азаматтары өз отандарына қайтарылып жатыр. Ресейдің тергеу комитеті кеменің иесі, фирманың бас директорының орынбасарын ұстады, ал бас директорға іздеу жарияланды.

Еске сала кетейік, Охот теңізіндегі кеме апаты бейсенбі, 2 сәуірге қараған түні Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде болды. Құтқарушылар "Дальний Восток" кемесінің бортында болған 132 балықшының (олардың 54-і шетелдік) 119-ын мұзды судың астынан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың 56-сы қаза тапқан, ал қалғандары қатты үсіп қалыпты.

Камчатск ТЖМ өкілі Охот теңізіндегі кеме апатына мұзды ахуалдың себеп болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жылжымалы мұзға соғылғаннан кейін пайда болған ойықтан кейін кеменің батып кетуі мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 сәуір 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.