"Қазақстанда жасалған" ең үздік логотипі конкурсында қарағандылық дизайнер жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі агенттігінің тапсырмасы бойынша елімізде жасалған өнімдердің логотипін жасауға конкурс жарияланған болатын. Конкурсқа Республика бойынша 200-ден астам сызба келіп түскен. ҰКП өкілдері мен мәдениет қайраткерлерінен тұрған комиссия финалистер мен жеңімпаздарды анықтады", - деп хабарлады "Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі" АҚ төрағасы Қайрат Бектүргенев Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде.
Қарағандылық "Аврора" жарнамалық агенттігі" ЖШС графикалық дизайнері Екатерина Рукшенен жеңімпаз атанды. Брифингтен соң ол ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовтың дипломмен марапатталды.
Бектургеневтің айтуынша, логотип Қазақстанда жасалған барлық өнімнің сыртына салынбақ. "Қазір логотип еліміздің 15 мыңнан аса сауда орындарында ілінбек", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Аманияз Ержанов.
"Отандық өндірісті насихаттау мақсатында кешенді жоспарлардың жобасы жасалды. Жоспарда инфография жасаушы, қоғамдық орындар мен БАҚ-да әлеуметтік роликтерді жариялау, "Неге қазақстандық?" тематикалық тележобасы, "Қазақстандық тауарлармен селфи" конкурсын өткізу, аймақтық еңгейде акциялар өткізу сынды жұмыстар бар", - деді Ержанов.
Дереккөз: tengrinews.kz