Атырау, 25 қараша 16:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресей Солтүстік Кореядан жұмысшы жалдауы мүмкін

1 644 просмотра

Image 0Солтүстік Кореялық жұмысшылар. (Көрнекі сурет).Ресей білім және ғылым министрінің орынбасары Вениамин Кагановтың сөзінше, Солтүстік Кореяда Ресейге барғысы келетін мигранттарға арналған тест орталықтары ашылуы мүмкін.

Ресей азаматтығы жоқ адамдар бұл елде жұмыс істеуге рұқсат алуы үшін орыс тілі, тарих пен құқық негіздерінен емтихан тапсыруы тиіс.

Кагановтың айтуына қарағанда, федералдық миграция қызметі Солтүстік Корея азаматтарынан тест алып, Ресей территориясында жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін бұған дейін көтерген.

Солтүстік Кореялықтар негізінен Ресейдің Қиыр Шығысында ағаш кесуші болып жұмыс істейді. Бірақ солтүстік кореялықтардың жұмыс істейтін жерлерінде арнайы лагерлер аумағынан шығуға құқығы жоқ. Бұл лагерлер қауіпсіздігін Солтүстік Корея билігі қамтамасыз етеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

10 сәуір 2015, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.