Атырау, 14 ақпан 12:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Балғын балық

10 818 рет қаралды

Image 010 сәуірде судағы павильондарда балық сату маусымы ашылды.

Бүгін екі жерде – облыстық әкімдік маңында «Амангелді» өндірістік кооперативі және Жилгородокта «Інжу-Маржан» ЖШС балық өнімдерін сатуды бастады. Өткен жылы тірі және мұздатылған балық сату жаз ортасында басталып, 4 сауда нүктесінде жүргізілген еді. Қалалықтар бұл бастаманы жақсы қабылдап, тұрғындардың көпшілігі балықты тірілей алуға үлгеру үшін таңмен ерте келетін.

«Інжу-Маржан» ЖШС директоры Гүлфара ИСМАҒҰЛОВАНЫҢ айтуынша, биыл өткен жылға қарағанда балық жақсы жүріп жатыр екен.

- Қазір біз павильонға сазан, сыла, табан, қарагөз және шамалы қызыл қанат балықтарды қойып жатырмыз. Барлық балық та балғын, судан жаңа шыққан. Сыланың келісі - 250 теңге, салмағы 7 келіден жоғары ірі сазандардың келісі – 300 теңге.

Биыл да 4 сауда нүктесі жұмыс жасайтын болады. Тағы екеуі сәл кейінірек, балық көбейген соң ашылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 сәуір 2015, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.