Атырау, 25 қараша 16:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытайдың Үрімші қаласында "тозаққа кіретін қақпа" табылды

4 057 просмотра

Image 0Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының Үрімші қаласының тұрғындары тау бөктерінде ішінен от шығып жатқан ор тауып алды. Табиғаттың осы құбылысы ғылымда бұрыннан бар еді, бірақ оның "тозаққа апаратын қақпасының" суреттері Желіге енді ғана жүктелді, - деп хабарлайды LifeNews.

Жалын шығып жаиқан жердің қасында тұру мүмкін емес. Оның ішіндегі температура Цельсий бойынша 800 градусқа жетеді, сондықтан ғалымдар жыраның тереңдігін тексере алмайды.

Үрімші тұрғындары бұл жерге "тозаққа кіретін қақпа" деп атайды. Мамандар болса оның астында көмірдің барын айтады. "Өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін мұнда көмір алынды, бұрын да осылай жанып жатқанын дәлелдейтіне құжаттар да бар. Таяуда осындай орларды тағы да тауып қалуымыз мүмкін. Бастысы қажет етілетін шараларды жүргізіп, қауіпті аймақты қоршауға алу", - деді көмір өндіру маманы Цао Джиан Вень.

Басылымның хабарлауынша, әлемнің ең терең отты кратері Түркменстанда және оның аты "Дарваза", яғни "тозаққа кіретін қақпа" деп аталады. Бұл кратерді ғалымдар жаққан болатын. 60 метр болатын шұңқыр 1971 жылдан бері жанып тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz

13 сәуір 2015, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.