"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.
15 мыңнан астам қазақстандықты осы көктемде шұғыл әскери қызметке шақырады. Атырау облысынан әскер қатарына 700-дей бозбала аттанбақ.
Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бөлімінің басшысы Андрей БЕЛЯЕВТІҢ айтуынша, қазіргі уақытта облыс аумағында аудандық сегіз шақыру пункті мен Атырау қаласында облыстық құрама пункт жұмыс істейді.
Облыстық құрама пунктте әскерге аттануға келген әскерге шақырылушылар үшін үш мәрте тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Әскери бөлімшеге барғанша олардың бәрі жеке тамақтану рационымен (құрғақ азық) қамтамасыз етіледі. Біздің жігіттер шақырылған әскер түрі – жаяу әскер, әуе қорғанысы күштері, зымыран әскері мен артиллерия, шекара әскері, ішкі әскер, ТЖМ әскері, десантты-шабуыл бригадасы (әуе-десант әскері) мен республикалық гвардия.
– Жасөспірімдерді бөлу кезінде, әрине, олардың тілектері, моралдық-іскерлік қасиеттері мен денсаулық жағдайлары ескеріледі, - дейді А.Беляев. – Көпшілігі Гвардияға барғысы келеді, бірақ ол жерге бару үшін бойы
Сонымен қатар, шақырту комиссиясының жолдамасымен медициналық тексеруден жалтарғаны үшін әскерге шақырылушыға салынатын айыппұл көлемі де көбейді. Енді бұл үш АЕК-пен (5 946 теңге) жазаланатын болады. Ал әскери қызметтен жалтаратындарға бір мың АЕК (1 982 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Егер әскерге шақырылушының өз денсаулығына қасақана зиян келтіргендігі анықталса немесе ол сылтауратса, жалған құжаттар жасаса – оны үш АЕК-ке (5 946 000 теңге) дейін айыппұл немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
– Егер іс тергеу органынан сотқа берілгенге дейін әскерге шақырылушы ерікті түрде шақырту пунктіне келсе, оның автоматты түрде қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығын атап өткім келеді, - дейді А. Беляев.
Биылғы көктемнен бастап шұғыл әскери қызметке шақырту мәселелері бойынша атыраулықтарға арнайы «қауырт желі» кеңес беретін болады. Әр адам қалай құжатты беруге, медициналық куәландыруды алуға болатындығы және т.б. туралы біле алады. Қауырт желі телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-14-20, 72-13-82 (жалпы мәселелер бойынша қоңыраулар тәулік бойына қабылданады) және 8 (7172) 39-33-37 (медициналық куәландыру жүргізу бойынша).
Анастасия ПАСТУХОВА