Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты сот ісі Венада 14 сәуір күні басталады және ол австриялық әділет тарихындағы ең күрделі істің бірі болады, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 23 ақпан күні түнде асылып тұрған жерінде табылған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев пен Қазақстан Президенті күзетінің бұрынғы қызметкері Вадим Кошляк сот алдында жауап береді. Олар Рахат Әлиевпен бірге адам ұрлап, Нұрбанктың топ-менеджерлерін өлтірді деп айыпталып отыр. Сотқа 90-нан аса куәгер шақыртылды, олардың 60-ы Қазақстаннан.
Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды. Кейін Австрияның әділет министрлігі бұрынғы елшінің өз-өзіне қол жұмсағанын ресми түрде растады. Министрлік оқиға болғанға дейін оның өтініші бойынша Әлиевтің үш адамдық камерадан бір адамдыққа ауыстырылғанын мәлімдеді. Рахат Әлиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны оның денесі бірінші рет ашылғанда расталды.
Дереккөз: tengrinews.kz