
Атырауда «Жыл үздігі – 2025» атты қорытынды салтанатты іс-шара өтті. Аймақтың дамуына елеулі үлес қосып, жыл бойы жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар, жаттықтырушылар және туризм саласының қызметкерлері марапатталды.
Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысып, спорт пен туризм мемлекет назарындағы маңызды бағыт екенін атап өтті. Оның айтуынша, биыл өңірде спорт инфрақұрылымы кеңейіп, халықты спорт нысандарымен қамту деңгейі 71 пайызға жетті. Бір жыл ішінде 11 спорт кешені мен 50 спорт алаңы пайдалануға берілді, ал келесі жылы тағы 22 нысан ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ірі жобалар іске асырыла бастады.
Марапат иелері:
- «Жылдың үздік сурдоспортшысы» — Ерсін Болатов
- «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Дана Абдирова
- «Үздік параспортшы» — Альфия Тілекқабыл
- «Жылдың үздік командасы» — параволейбол командасы
- «Жыл серпілісі» — Інжу Жұмажан
- «Ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Аружан Жандарбай
- «Жылдың үздік жас спортшысы» — Роллан Қайырғали
- «Үздік жасөспірім спортшы» — Жанайбек Шамұратов
- «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша үздік спортшы» — Ерұлан Қабдулов
- «Жыл жаттықтырушысы» — Жасұлан Зиннуллаев (дзюдо), Самат Жағыпаров, Диас Миллат
- «Параспорт жаттықтырушысы» — Наран Ешібаев
Сонымен қатар, туризм саласында сапа стандарттарына сай жұмыс істейтін бірқатар бизнес нысандары «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-ның «САПА» белгісімен марапатталды.
В Атырау -4