Қазақстандық зілтемірші қыз Татьяна Капустина Перудің Лима қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
69 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсеткен Татьяна Капустина екі жаттығудың қорытындысы бойынша 243 келі көтерді (110 + 133).
Бұл Перудағы әлем чемпионатында қазақстандықтардың алып отырған екінші алтын медалі. 50 жасқа дейінгі салмақ дәрежесінде Игорь Сон чемпион болған еді.
Ал 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шыңғыс Сағындықов пен 58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айгерім Ауылбек күміс медаль алған болатын. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.
Дереккөз: tengrinews.kz