
Атырау облысында заманауи агрологистикалық инфрақұрылымды дамытуға арналған маңызды жоба – ITC WEST логистикалық орталығы іске қосылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысып, ұжымды құттықтады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нысанның ерекшеліктері:
- Көкөніс сақтау қоймасының жалпы аумағы – 8 200 м²
- 28 сақтау камерасы бар, температуралық режим –25 °C-тан +25 °C-қа дейін реттеледі
- Автоматты бақылау жүйелері, заманауи тоңазытқыш қондырғылар, желдету және микроклиматты басқару жүйелері орнатылған
- Энергияны үнемдейтін инженерлік шешімдер үздіксіз әрі үнемді жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Орталық құрылысы екі жыл бұрын басталып, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендетуге бағытталды. Мемлекет пен облыс әкімдігінің қолдауымен 15,5 мың тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасы бой көтерді.
Ерекше жаңалық – Батыс Қазақстанда алғаш рет бананның пісіп-жетілуін қамтамасыз ететін арнайы камера іске қосылды. Бұл тұтынушылар сұранысына қарай банандарды кезең-кезеңімен пісіріп, нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.
Жалпы аумағы – 30 гектар. Орталықта:
- 5 теміржол тармағы
- контейнерлік алаң
- автопарк
- А санатындағы қоймалар (5 400 м²)
- өндірістік кешендер
- көкөніс сақтау қоймасы бар.
Жоба аймақтағы азық-түлік бағасын тұрақтандыруға, логистикалық жүйені жетілдіруге және халықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған.
В Атырау -10 









