Атырау, 22 желтоқсан 09:33
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Назар аударыңыз, балалар! Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, балалар!

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде облыста балалардың қатысуымен және олардың кінәсінен 50 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Жол полициясы басқармасы. Апат салдарынан 11 бала көз жұмып, 47 бала жарақат алған. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін ҚР ІІМ жыл сайын қыркүйек айының бірінші аптасында «Назар аударыңыз, балалар!» деген акция өткізіп тұрады. 5 қыркүйек 2012, 21:20 3 870 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Өз мүддесін қорғап шықты

Биылғы жылдың қаңтарында «АЖ» ТШО мен Аджип ККО объектілеріне қызмет көрсететін «КСБ Групп» ЖШС күзет компаниясында қалыптасқан ахуал туралы жазған еді. Фирма күзетшісі Азамат ЕСМҰҚАЕВ өзі секілді басқа қаладан келіп жұмыс жасап жүрген жұмысшылардың атынан өздерін баспанамен қамтамасыз етпейді, жолақыларды төлемейді  деп, еңбек құқықтарының бұзылуына жұмыс берушіні айыптаған болатын.  Облыстық еңбек департаменті жүргізген тексеру жұмыстары осы фактілерді растаған еді, соған қарамастан күзетші жұмыстан шығарылды. 5 қыркүйек 2012, 21:15 2 096 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қашағаннан не күтуге болады?

Каспий – Қашаған теңізасты кенішінен өнеркәсіптік мұнай өндіру 2005 жылы жоспарланған болатын. Сол кезде көпшілік енді керемет өмір сүреміз деп үміттенген еді. Енді 2013 жылы көктемде мұнай көп болады деп уәде етіліп отыр. Болатыны шүбәсіз, алайда масайраған көңіл жоқ. Қазақстанда мұнай табыстарының жұмбақ жолдармен өтіп жатқаны сондай, халық олардан өздеріне түсетін ешқандай да пайда көретін жағдайда емес. 5 қыркүйек 2012, 21:03 1 479 рет қаралды
Қазмұнайгаз теңізге шығады Басқа жаңалықтар

Қазмұнайгаз теңізге шығады

2 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде «Ембімұнайгаз» ӨФ 90 жылдығына және еңбегі сіңген мұнайшы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бөлекбай АҒЫНҒАЛИЕВТІҢ 85 жылды ғына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция  өтті. 5 қыркүйек 2012, 20:45 2 953 рет қаралды
Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды Басқа жаңалықтар

Облыс әкімін мектептердің жағдайы қапаландырды

Дүйсенбі күні, 3 қыркүйекте облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ актив өткізіп, онда облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті, қаржы полициясы, ішкі істер департаменттерінің және облыстық прокуратураның жаңа басшыларын қысқаша таныстырып өтті. 4 қыркүйек 2012, 20:50 2 207 рет қаралды
Пактың орнына келді Басқа жаңалықтар

Пактың орнына келді

Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы Атырау филиалының төрағасы (әрі қарай ҚҰЭП) ауысты. Атырауға танымал кәсіпкер, «УС-99» ЖШС құрылтайшысы Вадим ПАКТЫҢ орнына жергілікі филиалға Асылбек ЖАКИЕВ басшылық етті (суретте). 4 қыркүйек 2012, 20:04 2 089 рет қаралды
Атырау – суретшілер көзімен Мәдениет

Атырау – суретшілер көзімен

1 қыркүйек күні «Ақ желкен» шығармашылығы орталығында «Алтын қайық» номинациясының қала көріністері жанрындағы республикалық симпозиум өтті. Оған Алматыдан тәжірибелерімен бөлісуге келген үш суретшімен бірге, «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отырған «Алтын қайық» байқауына өз жұмыстарын алып келген Ақтөбе, Ақтау, Оралдан келген 16 суретші қатысты. 4 қыркүйек 2012, 19:59 11 824 рет қаралды
Тұрғындарды көшіруге 5,4 млрд теңге жұмсалады Экономика

Тұрғындарды көшіруге 5,4 млрд теңге жұмсалады

2 қыркүйек күні «Атырау» қонақ үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ  және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ мұнайшылардың  аймақтың әлеуметтік бағдарламасы үшін 6,6 млрд теңге  бөлуі жөніндегі меморандумға қол қойды. 4 қыркүйек 2012, 16:23 2 709 рет қаралды
Алдағы уақытта мұндайға бармайды Басқа жаңалықтар

Алдағы уақытта мұндайға бармайды

ҚР бас прокурорынан кейін Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла РИЗУАНОВ сөз алды. Оның айтуынша, ардагерлердің жартысы хатқа мүлдем қолдарын қоймаған, бірақ фамилиялары көрсетіліпті, ал ардагерлердің екінші жартысы тіптен хаттың мәтіндерін көрмепті, бірақ қолдарын қойған. 31 тамыз 2012, 23:55 3 257 рет қаралды
Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында Басқа жаңалықтар

Әкімдіктегі ұрлық-қарлық хақында

Бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ Атырау облысының 2012 жылғы 31 тамызда актив жиналысында сөйлеген сөзінен: «Ірі тексеру үлкен қоғамдық пікір қалыптастырды, бірақ, ақпараттың жетіспеушілігінен бұл тексеру қауесетке толды, ажиотаж туғызуда. Бас прокурор ретінде тексеру қорытындыларын айқындап өтейін. Осы жылғы тамыздың басында еліміздің президентіне Атырау облысының бұрынғы орынбасары, «өзін-өзі билеу» бабы бойынша сотталған Нақпаев Сәлімжан заңсыз сотталғандығына, сондай-ақ,  Атырау облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің іс әрекетінде бюджет қаржысын пайдалану кезінде және мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі заңбұзушылықтарға жол беріліп отырғандығына шағымданды. 31 тамыз 2012, 23:09 5 459 рет қаралды
Депутаттар «саяси қателік жіберді» Басқа жаңалықтар

Депутаттар «саяси қателік жіберді»

Бүгін, 31 тамызда «Нұр Отан» партиясының Атырау филиалында парламент мәжілісінің спикері, партия жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан НЫҒМЕТУЛЛИННІҢ, бас прокурор Асхат ДАУЫЛБАЕВТЫҢ, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) басшысы Рашид ТҮСІПБЕКОВТІҢ және жаңа облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ қатысуымен облыс активі болып өтті. 31 тамыз 2012, 16:02 3 285 рет қаралды
Қылмыс хроникасы Оқиға

Қылмыс хроникасы

Балауса ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан 23 тамызда түнгі сағат 3-те денесінде зорлықпен өлтірілген белгілері бар 33 жастағы Өзбекстан азаматының мүрдесі табылды. Марқұмды өлтірді деп күдіктелген 32 жастағы отандасымыз ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақ – болат арматура тәркіленді. 30 тамыз 2012, 00:40 2 184 рет қаралды
Жаңа «мұз» құтты болсын! Басқа жаңалықтар

Жаңа «мұз» құтты болсын!

Атырауға маусымдық үзілістен кейін «Бейбарыс» хоккей командасы оралды. Алда қарқынды жаттығулар мен алдағы ойын маусымына дайындық жұмыстары күтіп тұр.  Хоккейшілер келуге бірнеше күн қалғанда Мұз сарайына аяқ бастық. Бұл жерде жұмыстар қайнап жатыр екен. 30 тамыз 2012, 00:32 4 461 рет қаралды
3G лаңкестікпен күрес үшін ажыратылды Басқа жаңалықтар

3G лаңкестікпен күрес үшін ажыратылды

22 тамыз күні таңертеңнен бастап 23 тамыз күні сағат 14-ке дейін Атырау облысы аумағында GSM форматындағы ұялы байланыс абоненттерінде кенеттен 3G желісі жоғалып кетті.  Жоғары жылдамдықтағы интернеттің жоқтығын үш бірдей «GSM Қазақстан/Kcell», «КарТелл» және «Теле2» операторларының 3G желісінің мүмкіндіктерін пайдаланатын белсенді абоненттердің шамамен 50 пайызы байқады. 30 тамыз 2012, 00:28 2 352 рет қаралды
Шеберлердің ізін кім жалғайды? Мәдениет

Шеберлердің ізін кім жалғайды?

24 тамыз күні Исатай-Махамбет алаңында Конституция күніне орай «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сарайшықтан Астанаға дейін!» атты этно-мәдени экспедициясының көрмесі өтті. Оған облыс әкімінің жаңадан тағайындалған әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Шыңғыс МҰҚАН да келді. 30 тамыз 2012, 00:22 5 719 рет қаралды
Қайық әперуге уәде берген еді... Спорт

Қайық әперуге уәде берген еді...

1996 жылғы Атлантта өткен олимпиада ойындарында Атырау облысынан үш бірдей ескек есуші – Ильфат Ғатиятуллин, Сергей Сергеев және Андрей Сафарян қатысқан еді.  Содан бері Атырауда байдарка және каноэ есу мектебі жоғары жетістіктерге жете қойған жоқ. Ол неліктен? Осы тақырыпқа орай біз облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Еуропа чемпионы Дмитрий Савиннің  және басқа да бірқатар аты танымал спортшылардың тәлімгері Максим БОЗБАНОВПЕН әңгімелестік. 30 тамыз 2012, 00:04 3 162 рет қаралды
Сан соқтырып кетті Басқа жаңалықтар

Сан соқтырып кетті

28 тамызда №1 Атырау қалалық соты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің шетелдік фирмалардағы алалаушылық фактісін тану туралы талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға шешім шығарды. 29 тамыз 2012, 23:55 1 894 рет қаралды