Атырау, 24 қараша 14:08
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ханзада Фелипе Испанияның жаңа Фелиппе VI королі болды

1 601 просмотра

Фото Global Look PressФото Global Look PressАлматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Диктатор генерал Франконың өлімінен кейін елдің демократиялану процесінде маңызды рөл ойнаған Испания королі Хуан Карлос, оның тақтан бас тартуына құқықтық негіз беретін заңға қол қойды, деп хабарлады РБК.

«Салтанатты шара Мадридтегі король сарайында өтті. Заңның толық мәтіні оқылып болған соң, оған Хуан Карлос пен Испания перемьер-министрі Мариана Рахо қолдарын қойды. Салтанатты шара ұзаққа созылған қол шапалақтаумен және ұлттық гимннің орындалуымен аяқталды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Осылайша, 18 маусым Хуан Карлостың билікте отырған 40 жылының соңғы күні ретінде есте қалады, келесі күннің бірінші минутынан бастап Испания королі Хуан Карлостың ұлы – ханзада Фелипе болады.

Мұрагер ханзада мемлекет басшысы ретінде 19 маусымда Испания парламентінің төменгі палатасында ант қабылдайды.

«Жаңа корольдің таққа отыру салтанаты елдегі ұлттық экономикадағы проблемеларға байланысты қарапайым түрде өтеді», - делінген жарияланымда.

Дереккөз: ҚазТАГ

19 маусым 2014, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.