Биыл облыс аумағының 2013 жылға қарағанда шегіртке құрттарымен бірнеше есе аз зақымданғаны туралы Фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы филиалының басшысы Хамидолла ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ хабарлады.
Өткен жылы облыстың кейбір аудандарында бір шаршы метрге мыңға жуық зиянкескес шоғырланған жағдайлар болды. Қазір олардың саны оннан аспайды. Алайда, бұл жәндіктердің саны зияндылықтың экономикалық шегі – бір шаршы метргебес құрттан асып кетсе, бәрібір бұл аумақ пестицидтермен өңделуі керек.
Осы итальяндық тарақаннан тазартылуы тиіс аумақтың ауданы 109 мың гектарды құрайды, бұл, негізінен, Индер және Қызылқоға аудандарының жерлері (47 мың және 42 мың га). Бұл жерде у шашу дельтапландар арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінде химикаттармен өңделуі тиіс 9,7 мың гектар жер қалды. Сондай-ақ, 27 мың га жерді азиялық шегіртке құрттарынан өңдеу жұмыстары жоспарлануда. Осы жәндіктердің, аз болса да, «үйірі» «Ақжайық» резерватының аумағынан байқалды. Бұл жерде жерүсті дезинфекция қызметкерлері өңдейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ