Атырау, 27 қараша 06:42
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Алауыздық тудырған тізім

2 414 просмотра

Жыл сайын Атыраудағы балабақшалардан орын бөлу ең даулы мәселелердің біріне айналады. Биылғы ахуал өзінің шарықтау шегіне жетті: бүлдіршіндердің ызаланған ата-аналары бұрын жасалған тізімнің қайта қаралуына қол жеткізді.

ҚАЙТА ҚАРАЛУЫ ТИІС

…Әбден наразы болған тобыр қалалық білім бөлімі орналасқан ғимаратқа шабуыл жасады. Қалалық білім бөлімінің басшылығынан комментарий алмақ болып, есікке қарай өтіп кетуге әрекеттенгенімде, менің өзімді таптап кете жаздады. Екі әйелдің біріне келесісі кезексіз кіріп кеткісі келгендей көрініп, бір-бірінің шаштарынан сүйреп шығарды. Тағы бір әйел өзін нашар сезініп, лоқсып жіберді. Мұндай ылаңға балабақшадан орын алған жолы болғыш балалардың тізімі ілінген парақтар себеп болды. Қалалық білім бөлімінің басшылығымен кездесе алмаған наразылықтың бірінші толқынынан кейін балаларына орын тимегендер бүкіл профильдік инстанцияларға шағымдана бастады. Тіпті, қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне тізімді алып тастап, жаңасын жасауға тура келді.

Енді бұған депутаттар, «Нұр Отан», Коммунистік халық партиясының өкілдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелерінен құралған сараптау тобы бақылау жасайды.

Бізге азаматтар көмек сұрап жүгінді, - дейді «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қанат ӘЗМҰХАНОВ. – Негізінен қалалық білім бөліміне қойылып отырған талап белгілі: орынға немесе қалаған балабақша жолдамасына қол жеткізе алмау. Барлығы 21 448 өтініш. Қазір қайта қаралып жатқан бірінші тізімде 4 173 бала бар. Ережеге сәйкес, орын бөлінген кезде көпбалалы отбасының балаларына, І және ІІ топтағы мүгедек-балаларға, жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жеңілдіктер бар. Алайда, бұл санаттағы балалардың көптігі сондай, егер комиссия тек оларға ғана орындар бөлсе, басқаларына мүлдем ештеңе тимеген болар еді. Сондықтан қалалық білім бөлімі жеңілдік алушылардың бір бөлігінің өтініштерін қанағаттандырмауға мәжбүр.

– Бұрынғы тізім неліктен қайта қаралуда? Ол дұрыс жасалмаған ба? – деп сұрадым мен қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Алпамыс ҒИЛЫМОВТАН.

– Қате болған жоқ, -деп сеніммен айтты ол. – Тізім бүгінгі қалыптасқан ахуалға байланысты жасалған. Осы көпшілігіне ұнамады. Бұл - жыл сайынғы проблема. Балабақшалар лық толы, бірақ біз Жұмыскердегі, Көкарнадағы, Бірлік пен Нұрсаядағы жаңа балабақшалар іске қосылған кезде жағдай жақсарады деп үміттенеміз.

– Қазір тізім қайта қаралуда. Бірінші тізімдегі фамилиялардың екінші тізімде болмауы мүмкін бе?

Мүмкін, – деп жауап берді А. Ғилымов.

Біз мұның орын алмауына жұмыстанамыз, – деп жауап берді сол сұраққа Қ. Әзмұханов.

– Бірінші тізімде 4 мың 173 бала бар. Екіншісінде одан көп бола ма?

Бұл факт емес. Бәлкім, тіпті, аз болатын да шығар, – деп жауап берді А. Ғилымов.

– Көпшілігі балаларына орыс тобынан орын сұраса да, қазақ тобына түсіп кеткеніне наразы. Басқалары үйлерінен шалғай жерден орын алған...

Орыстілді топ өте аз, ниет білдірушілердің бәрі бірдей оған түсе алмайды. Ал, үйлерінен алыс жерден орын алғандар бұл мәселені өздері шешуі тиіс. Мәселен, өзіне ыңғайлы балабақшаның жанына орын алмасу туралы хабарландыру ілсін.

 

«ТІЗІМДЕР ҰҚЫПСЫЗ ЖАСАЛҒАН»

– деп растайды ата-аналар бірауыздан. «Бір баланың өзі бес рет қайталанып жазылған. Өзіңіз қараңызшы». Шынымен де солай екенін көрдім.

Мен өзім балабақша қызметкерімін. Мардымсыз жалақы аламын. Бар болғаны бір жеңілдігім бар. Ол өзім жұмыс жасайтын балабақшаға өз баламды орналастыра алатыным, - дейді сұхбаттасушыларымның бірі. – Бірақ биылдан бастап бұл жеңілдікті де жойды. Бұл дұрыс емес. Алайда, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың балалары үшін жеңілдіктер берілген. Сізге бұл сандырақ болып көрінбей ме?

Тізімге 2011, 2012 жылы туылған балалар енгізілген, ал, менің балам 2010 жылы туылған. Неліктен олар ілігіп, біз енбедік?– дейді наразы болған басқа ата-ана.

Сондай-ақ, тізімге бір жыл ішінде балабақшадан орын алған балалар да алыныпты, бірақ оларды әлдебір себептермен тізімнен алып тастауға «ұмытып кеткен». Айта кетелік, балабақша директорларының өздері бармақтарын тістеп отыр: олар жыл сайын қалалық білім бөліміне босаған орындар саны туралы ақпарат беріп отырады, алайда жолдама осы цифрдан 2-3 есе көп беріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес, әр топта бала саны 25-тен аспауы тиіс. Ал шындығында үнемі бұл мөлшерден көп болады да, осы сәйкессіздік үшін директорларға айыппұл салынады.

«Біз неге айыппұлдарды төлеуге тиіспіз? – деп орынды сұрақ қояды балабақша басшылары наразы болып. – Біз қалалық бөлімнің нұсқауын орындауға мәжбүрміз. Олар бізге артық бала бөледі екен, бұл жауапкершілікті олар өз мойындарына өздері алсын».

– Біз жақында қаладағы алты балабақшаға жоспарлы тексеру жүргіздік. Топтардағы балалардың әрқайсысын санап шықтық. Бәрі нормаға сай келді, -деп растайды Қ.Әзмұханов. – Бәлкім, әлдебір басқа балабақшаларда артық балалар бар шығар. Бірақ біз барған балабақшалардағы ахуал жақсы.

– Ақырғы тізім қашан дайын болады?

– 1 шілдеге қарай.

Анастасия ПАСТУХОВА

19 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.