Атырау, 5 тамыз 04:46
 дождьВ Атырау +24.5
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Өмір неге құнсызданып кетті?

2 343 рет қаралды

Облыстық прокуратураның алқа мәжілісінде жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау тақырыбы талқыланды.

2012 жылы облыс бойынша кәмелет жасқа толмағандар арасында үш суицид және 50 өз-өзіне қол жұмсау әрекеті тіркелді. 2013 жылы алты жасөспірім өмірін қиса, 28-і әрекет жасады. Осы жылдың басынан бері 17 әрекет болды, абырой болғанда, барлығы сәтсіз аяқталды. 

Облыс прокурорының аға көмекшісі Гүлжан СҰЛТАНОВАНЫҢ пікірінше, оқу орындарындағы психологтар өз міндеттемелерін дұрыс орындағанда, өзін-өзі өлтіру оқиғалары аз болар еді. Олардың лауазымдық міндеттемелеріне, атап айтсақ, жасөспірімдердің күйзеліс жағдайларының себептерін анықтау және дер кезінде медициналық мамандарға жіберу кіреді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.