Атырауда «Денсаулық сақтау ұлттық палатасының» облыстық филиалы құрылды. Филиал төрағасы болып «Медикер» ЖШС Атырау облыстық филиалының директоры Еркін САБИРОВ тағайындалды.
«Денсаулық сақтау ұлттық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды мемлекеттік органдармен өзара әрекет ете отырып шешу мақсатында құрылған болатын. Е.Сабировтың айтуынша, бірлестіктің қызметі медицина және фармацевтика саласындағы кәсіпкерлердің аударған жарна көлеміне байланысты жүзеге асырылады.
- Келешекте медициналық қызметпен айналысуға лицензия беру министрлік арқылы емес, Денсаулық сақтау ұлттықпалатасы арқылы жүргізілуі мүмкін, - дейді Е.Сабиров. –Сондай-ақ, біз өңіріміздегі медицинаның өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар дайындап, тікелей денсаулық сақтау министрлігіне, Денсаулық сақтау ұлттық палатасының президиумына жібере аламыз.
Айнұр САПАРОВА