Мұнай және газ саласы қызметкерлерін дайындайтын «Apec Petrotechnic» колледжінің оқушылары қазақстандық студенттер арасында бірінші рет теңізде жан сақтау (BOSIET) және күкірт сутегіден қорғану курстарынан өтті.
«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың International Safety Standard компаниясымен бірлесе ұйымдастырған курстары Атыраудағы арнайы жаттығу базасында өтті. Студенттер үш күн бойы «шынайыға жақындатылған» жағдайда өрт сөндіруді, түтінге толған орынжай ішінде өзін ұстау дағдыларын, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді үйренді. Олар су үстінде ұшып бара жатқан тікұшақтағы апаттық жағдайды сипаттайтын жаттығулардан өтті. Сонымен қатар, оқушыларға күкірт сутегін табу және өлшеу әдістері, сәйкесінше, жабдықтарды қолдану жолдары үйретілді. Курстардың маңыздылығы мол, бұл студенттерге әрі қарай өндірістік іс-тәжірибеден тікелей Қашағанның мұнай-газ өндірісі нысандарында өтуге мүмкіндік береді, ал мұндай курстан өтпеген адамдар кен орнына кіре алмайды.
Тамара СУХОМЛИНОВА