Атырау, 22 мамыр 15:41
 ашықВ Атырау +19
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37

Оқиғалар тізбегі

2 785 просмотра

Полицияға 28 жастағы қала тұрғыны шағымданды. 5 маусымда Қарағанды тұрғыны көліктің қосалқы бөлшектерін алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның 70 мың теңгесін алып, ғайып болған. Алаяқтық жасады деп күдіктелген тұлғаға іздеу жарияланды.

***

 

Полицияға 52 жастағы кәсіпкер әйел шағымданды. Биылғы жылдың 2 сәуірінде ол өзінің 37 жастағы танысына 1,8 млн теңгені қарызға беріпті. Ал, әлгі әйел ақшаны уақытында қайтармай, мүлдем жоғалып кеткен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Полицияға Балықшы поселкесінің 25 жастағы тұрғыны хабарласты. Бұрынғы күйеуі ол жоқ кезде пәтерге кіріп, оның және балаларының құжаттарын қолды қылған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

 

Жұмыс аяғының соңында 12 маусымда Аққыстау поселкесінде «Атырау-Жарық» АҚ-ның жергілікті бөлімшесінің монтеры электр тарату желісінің темір-бетон тірегінен құлап түсті. Төтенше оқиға Ел Орда көшесінің бойындағы жаңа үйді қосу кезінде орын алған. 35 жастағы ер адам түрлі деңгейдегі жарақатпен Исатай аудандық ауруханасына жатқызылды.

19 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.