Атырау, 2 қазан 03:12
 дождьВ Атырау +12.2
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Барлық жаңалық

Киевтің сыртқы қарызы 550 млн долларға жетті Әлемде

Киевтің сыртқы қарызы 550 млн долларға жетті

Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігі сыртқы қарызының 550 миллион долларға жеткенін хабарлады. Бұл туралы аппарат отырысы барысында Киев әкімшілігі төрағасының орынбасары Руслан Крамаренко мәлімдеді, деп ақпарат таратты BNews.kz-тің Киевтегі меншікті тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 16 маусым 2014, 17:23 2 515 рет қаралды
Бауыржан Байбек күмәнді статистика үшін облыс әкімдері жазаланатынын ескертті Қазақстанда

Бауыржан Байбек күмәнді статистика үшін облыс әкімдері жазаланатынын ескертті

Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы жайында күмәнді статистика үшін партияның өңірлік филиалдарының басшылары - облыс әкімдеріне қатаң тәртіптік шаралар қолданылады. Бұл туралы бүгін Партиялық бақылау комитетінің отырысында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті. 16 маусым 2014, 15:39 1 718 рет қаралды
Балаларға қысым көрсетуге болмайды - ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов Қазақстанда

Балаларға қысым көрсетуге болмайды - ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов

Балаларға қысым көрсетуге болмайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында ҚР БҒМ министрі Аслан Сәрінжіпов айтып, министрліктен кешірім сұраған оқушы туралы өз пікірін жеткізді. 16 маусым 2014, 15:37 1 615 рет қаралды
2020 жылға дейін туризмге тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін Қазақстанда

2020 жылға дейін туризмге тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін

2020 жылға дейін туризм саласына тартылған жеке инвестиция 6 млрд долларға жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 16 маусым 2014, 14:56 2 618 рет қаралды
Қытайда балалардың қорғасынмен жаппай улануына байланысты химиялық зауыт жабылды Әлемде

Қытайда балалардың қорғасынмен жаппай улануына байланысты химиялық зауыт жабылды

Қытайдың Хунань орталық провинциясында химиялық зауыттардың бірі жұмысын тоқтатты. Оған жүздеген жергілікті баланың қорғасынмен улануы себеп болған, деп хабарлайды Синьхуа. 16 маусым 2014, 14:54 2 021 рет қаралды
Украинадағы қақтығыстарға қатысып жатқан қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ Қазақстанда

Украинадағы қақтығыстарға қатысып жатқан қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Украина территориясындағы қарулы қақтығыстарға Қазақстан азаматтарының қатысуы туралы ешқандай мәлімет келіп түспеген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеді. 16 маусым 2014, 14:41 2 442 рет қаралды
Құтқарушылар бөгеттерді нығайтуда Басқа жаңалықтар

Құтқарушылар бөгеттерді нығайтуда

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 15 маусымда сағат 20.00-де Пешной жартыаралының маңында теңіз деңгейінің көтерілуі 128 см болжаммен 109 см құрады. Жанбай ауылында 16 маусымда таңғы сағат 6-да көтерілген су деңгейі 61 см болжаммен 63 см құрады.  16 маусым 2014, 10:49 2 240 рет қаралды
Министр Қазақстан халықаралық туризм нарығына ене алады деп санайды Қазақстанда

Министр Қазақстан халықаралық туризм нарығына ене алады деп санайды

Қазақстанда халықаралық туризм нарығына ену перспективалары бар.  Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында еліміздегі туризм саласын дамыту перспективалары жайында баяндаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті. 16 маусым 2014, 10:17 2 972 рет қаралды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы 4,099 трлн. теңгені құрады Қазақстанда

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы 4,099 трлн. теңгені құрады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы шарттарының барлық түрлері бойынша салымшылардың жеке шоттарының саны 9 865 876-ға жетіп, зейнетақы жинағының сомасы 4,099 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы Алматыда өткен жиын барысында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Медеушеева Долорес айтты. 16 маусым 2014, 10:12 3 430 рет қаралды
ТЖ: «15 маусымда су 103 сантиметрге дейін көтерілді» Басқа жаңалықтар

ТЖ: «15 маусымда су 103 сантиметрге дейін көтерілді»

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК Филиалының хабарламасында айтылғандай, қума желдің жылдамдығы 6 м/сек, ұйытқыған жел 12 м/секундқа дейін болғанда, теңіз деңгейі Пешной поселкесінде (Жайық сағасының маңында) болжамға қарамастан шекті деңгейге жетпеді. 16 маусым 2014, 10:24 3 039 рет қаралды
ТЖ, шұғыл: «Эвакуацияға дайын болыңыздар!» Басқа жаңалықтар

ТЖ, шұғыл: «Эвакуацияға дайын болыңыздар!»

Атырау облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Гидрометорталығының мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 15-16 маусым күндері Пешной поселкесінде Каспий теңізінде су деңгейінің шамадан тыс көтерілуі күтілуде екендігін ескерткен шұғыл хабарлама таратты. Құрғақ жерді жағалаудан 5-6 шақырым тереңдікте су басуы мүмкін.   14 маусым 2014, 14:48 3 755 рет қаралды
Қазақстанның ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгертілмейді Қазақстанда

Қазақстанның ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгертілмейді

Қазақстанның ресми атауы «Қазақ елі» болып өзгертілмейді. Еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың бұл мәлімдемесі «La Vanguardia» басылымында жарияланды. Парижде EFE агенттігі тілшілеріне берген сұхбатында министр «стан» жалғауынан бас тартпаймыз, - деді. 13 маусым 2014, 17:02 2 301 рет қаралды
Қазақстан таяу 5-10 жылда киіктердің санын екі есеге арттыра алады Қазақстанда

Қазақстан таяу 5-10 жылда киіктердің санын екі есеге арттыра алады

Киіктерді қорғау бағдарламасы аясында жүргізілген шаралардың арқасында олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 37 пайызға көбейді, деп хабарлады Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров. 13 маусым 2014, 16:58 2 349 рет қаралды
Иракқа байланысты мұнай қымбаттады Әлемде

Иракқа байланысты мұнай қымбаттады

Мұнайдың әлемдік бағасы Ирактағы соңғы күндердегі оқиғаларға байланысты соңғы 10 айдағы ең жоғарғы бағаға дейін қымбаттады. Нью-Йорк сауда биржасында мұнайдың бір баррелінің бағасы екі пайыздан астам қымбаттап, 107 АҚШ долларынан асты. 13 маусым 2014, 16:53 3 004 рет қаралды
Хан қорымының қорғаушысы Басқа жаңалықтар

Хан қорымының қорғаушысы

Атырау облысы Махамбет ауданының Ақжайық ауылы маңындағы Жангелді обасында археолог Марат ҚАСЕНОВТЫҢ жетекшілігімен өтіп жатқан оқу іс-тәжірибесі барысында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарихшы студенттері ер адамның cүйегін тапты. Бұл сармат дәуіріне (б.з.б. VII ғасыр мен б.з. ІІІ ғасыр аралығы)  жататын ескерткіштер. 13 маусым 2014, 15:21 4 627 рет қаралды
Малайзия жоғалған Boeing жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлей бастады Әлемде

Малайзия жоғалған Boeing жолаушыларының отбасыларына өтемақы төлей бастады

Малайзияның Malaysia Airlines ұлттық әуе компаниясының сақтандырушысы үш ай бұрын жоғалған Boeing 777 жолаушыларының отбасыларына апат туралы ақпараттың әлі толық анықталмағанына қарамастан алдын-ала өтемақы төлей бастады, деп хабарлады РИА Новости. 13 маусым 2014, 12:06 1 756 рет қаралды
Қара металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылмақ Қазақстанда

Қара металл сынықтарын экспорттауға тыйым салу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылмақ

Қазақстанда қара метал сынықтарын сыртқы шығаруға тыйым салу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылмақ. Бұл туралы бүгін «Astana Mining & Metallurgy» атты V Тау-кен металлургия конгресінің баспасөз мәслихаты барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 13 маусым 2014, 12:00 5 315 рет қаралды