Атырау, 18 мамыр 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Назарбаев Иран Президентiмен кездестi

1 475 просмотра

Бүгiн Ақордада ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездестi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

 Кездесу барысында тараптар сауда-экономика, көлік-коммуникация және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптарды талқылады.

«Бұл – бiз үшiн маңызды оқиға. Өзiңiзбен бiрге осындай кең құрамда жоғары деңгейдегi делегацияны ертiп келдiңiз. Бұл бiзге деген Сiздiң көңiлiңiздi айшықтайды, оған бiз ризашылығымызды бiлдiремiз. Қазақстан Иран Ислам Ресупбликасын әлемдегi маңызды әрiптестерiнiң бiрi және Каспий жағалауындағы тату көршiсi ретiнде қарастырады. Иранда тұрған үлкен проблема ядролық бағдарлама мәселесiн Сiз жеңiспенен аяқтап, келiсiмге жетедi деп сенемiз», - дедi өз сөзiнде Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы жоғарыда аталған шаралардың Иран мемлекетi экономикасының дамуына, екi ел арасындағы қарым-қатынасқа үлкен септiгiн тигiзетiнiн атап өттi.

«Қазiр, өкiнiшке қарай, екi елдiң арасындағы тауар айналым төмендедi, бiрақ биылғы көрсеткiш қуантарлық деп айтуға болады. Қазiргi екiжақты кездесуiмiзде бiз көпсалалы мәселелердi талқыдадық. Оның iшiнде экономика жөнiнен, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және жер астындағы байлық мәселелерiн шешуді үкiметаралық комиссияға тапсыратын болдық», - деп толықтырды өз ойын Елбасы.

Дереккөз: bnews.kz

9 қыркүйек 2014, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.