Атырау, 17 мамыр 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Уәде беріп, алдап кетті

1 658 просмотра

Сенім кез-келген діннен де күштірек.Алайда сол сенімді алдап, табыс тапқысы келетін жандар табылып жатады. Атырау қалалық №2 соты алдау арқылы жалпы сомасы 1,7 млн теңгеден астам болатын өзгенің ақшаны иеленген азамат Х-ға қатысты үкім шығарды.

Қылмыстық іс материалдарында жазылғандай, алаяқ әйел өз танысына 900 мың теңгеге Алмагүл ықшамауданынан пәтер алуға көмектесемін деп, көмегін ұсынған. Қызықтырған ұсыныстан бас тарта алмаған танысы оған қажетті соманы берген. Сәл кейінірек ол әйел өз туысына қажетті байланыстары бар екенін және оған пәтерді бар болғаны 824 мың теңгеге алып беруге көмектесемін деп мәлімдеген. Ол адам да алаяққа сеніп, оған қажет соманы берген. Зардап шегушінің екеуі уәде етілген пәтерді де, өз ақшаларын да ала алмай, құқыққорғау органдарына шағым түсірді.

Сотта әйел өзінің кінәсін толықтай мойындап, әкімдіктегі таныстары арқылы тиімді келісім жасаймын деп үміттенгенін, бірақ одан ештеңе шықпағанын түсіндірді. Танысы мен туысынан алынған қаржыны ол өз мақсатына жұмсаған. Сот үкімімен азамат Х. ҚР ҚК-нің 177-бабының 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілеумен бірге, жалпы режимдегі колонияда 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

8 қыркүйек 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.