Атырау, 19 қараша 10:18
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Экс-әкімнің ісі. Жауап алу аяқталды

7 181 просмотра

Кеше, 9 қыркүйекте сотталушылардың соңғысынан жауап алынды. Түрлі себептер бойынша жауап алынбаған куәгерлерден жауап алу төрт аптадай уақытқа созылып, сараптама нәтижелері зерттелді.

Ертең сот іс материалдарындағы құжаттар мен заттай айғақтарды зерттеуге кіріседі. Содан кейін, процедура бойынша, әдетте жарыссөзге дайын болу үшін үзіліс жарияланады. Осыдан кейін тікелей жарыссөзге кіріседі.

Шілдеде сотталушы, «Мемлекеттік сараптама» РМК бас директорының бұрынғы орынбасары Ұлан ҚҰРАЛБАЕВТЫҢ отырыстардың бірін өткізбей тастағанын жазған едік. Келесі күні оны отырысқа мәжбүрлеп алып келген. Алайда ол ем алуға рұқсат бермеген судьяға жауап ретінде бұл отырысқа да қасақылық жасады. Сол күні отырыс оның қатысуынсыз өтті, оның жағдайы сот залында қатысып отырған көпшіліктің риясыз алаңдаушылығын тудырды. Біз психиатр мен гастроэнтерологтың медициналық қорытындысын алған едік. Бұл туралы сотталушының адвокаты ВРАНЧЕВ өтініш еткен болатын. Атырау облыстық ҚАЖД УГ 57/1 мекемесінің бастығы А.ИРГАЛИЕВ Құралбаевты «психиатр-дәрігер тексеріп шықты, оған «Острая психогенная реакция. Установочное поведение» деген диагноз қойылды. Антидепрессантты ем тағайындалды. Ол сондай-ақ, Атырау облыстық ауруханасынан эндоскопиялық тексеруден өтті. Диагнозы: катаральды рефлюкс-гастрит. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлық» деп хабарлады.

Медициналық интернет-ресурстардың бірі бұл жағдайды күйзелістің реакциялық жағдайы деп сипаттапты: «Психогендік қозу – адам тек міңгірлеген дыбыстар ғана айтатын қарапайым психикалық эмоциялық қозудан бастап, мән-мағынасыз айқайлау, үрейленіп қашу, өз-өзіне қол жұмсау, өзін құрбандыққа шалу секілді мәнсіз қозуға дейінгі жай-күй аралығында болады».

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 қыркүйек 2014, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.