Атырау, 14 мамыр 16:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Өзбекстанда Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 311 просмотра

Өзбекстан президентінің қызы Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлап,  Г.Кәрімоваға іздеу жарияланғандығы туралы мәлімдеген болатын.

Құқық қорғау органындағылар бұл Гүлнәр шынымен де президент Кәрімовтың қызы екендігін растады. Бас прокуратура мәлім еткендей 2011-2013 жылдар аралығында ұйымдасқан топ елде ақша бопсалаумен, жалған құжат жасаумен айналысқан, мемлекет қаржысын жымқырып, үлкен шығын келтірген. Осы қылмысқа күдіктілер ондаған миллиард сумның акцияларын төмендетілген бағамен сатып алған. 

Бүгінде Өзбекстанда қылмыстық топтың біршама мүшелері тұтқындалды. Олардан жалпы сомасы 457 миллиард сумды мемлекетке қайтару талап етілді. Ал іздеу жарияланғандарының арасында Гүлнәр Кәрімова да бар. Бұған дейін Гүлнәр Кәрімованың сыбайластары Рустам Мадумаров пен Гаянэ Авакян 9-10 жылға бас бостандықтарынан айырылғаны туралы жазылған болатын. 

22 тамызда ағылшын БАҚ құралдары үй қамауында отырған Гүлнәр Кәрімованың аудиожазбасын жариялады. "Біз үйде қамауда отырмыз. Бізді бір қадам да ешқайда шығармайды. Біздің көрген күніміз иттікінен де жаман. Олар  менің саусақтарымды сындырмақ болды, психологиялық қысым көрсетті" - делінген жазбада. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 қыркүйек 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.