Атырау, 27 қараша 15:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Үш ауысым жойылды

1 473 просмотра

«Сіздің газетіңіздегі жарияланымнан соң кабинеттерді босатып, сабақтарды үш емес, екі ауысыммен өткізу үшін біздегі сыныптарды біріктірді». Бүгін редакцияға №16 мектептің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары осындай хабармен қоңырау шалған еді.

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАННЫҢ айтуынша, Авангардтағы мектептерде және атап айтқанда, 16-шы мектепте оқу орындары әлі салынбаған жаңа ықшамаудандарда тұратын балалар оқиды. Жаңа мектептер пайдалануға берілгеннен кейін ахуал түзелуі тиіс. №16 мектептегі үш ауысымдық оқу болса, жойылды. Бұл жайтты №16 мектеп директоры Тамара ХАМИТОВА толығырақ түсіндіріп берді:

- Негізінен біздің мектепте орыс тілде оқытылатын сыныптарды көптеп ашуға тура келгендіктен проблема туындады. Мәселе мынада, қаланың кейбір жаңа аудандарында орыс тілде оқытатын мектептер жоқ, ал кейбірінде тіпті мектеп те жоқ. Сол себепті, Нұрсая, Самал, Жеті Қазына, Лесхоз, Жұмыскер және т.б. ықшамаудандарда тұратын балалардың ата-аналары бізге келеді. Бұдан басқа, мектеп жасындағы балалар саны тұрақты өсіп отыр. Мәселен, өткен жылы Атырауда 10 мыңдай бірінші сынып оқушылары болса, биыл 11 600 бала болды. Түрлі тілде оқитын сыныптар бізде түрлі ауысыммен оқыды. Орыс тілді сыныптардың оқушылары үшін 1-ші және 2-қабаттар бөлінді, қазақ сыныптары 3-қабатта оқыды. Алайда қазақ сыныптарында 18-20 оқушыдан екенін ескеріп, біз оларды аздап нығыздап, осылайша кабинеттерді босаттық.

Енді, Тамара Хамитованың айтуынша, балалар оқу тіліне тәуелсіз, екі ауысыммен оқитын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 қыркүйек 2014, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.