Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бомба туралы жалған қоңырау үшін сотталды

2 498 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынды49 жастағы атыраулық Атырау теміржол вокзалының ғимаратына салынған жарылыс құрылғысы туралы сәтсіз «әзілі» үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Биылғы жылдың 7 маусымында полицияның кезекші бөліміне белгісіз әйелден қоңырау түсіп, теміржол вокзалының ғимаратына жарылыс құрылғысы салынғаны туралы хабарлаған. Қоңыраудан кейін вокзалға жедел қызмет жетіп, адамдардың барлығы қауіпсіз жерге көшіріліп, вокзал аумағы қоршалған.

Арнайы қызмет ешқандай жарылыс құрылғысын таппады. Мұнымен қатар телефонды және қоңырау шалған азаматты анықтау жөнінде жедел жұмыстар жүргізілді. Оның Атырау қаласының 49 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол кейіннен вокзал маңынан ұсталды. Ұсталған кезде мас күйінде болған. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» деп аталатын 242-бабында қарастырылған қылмысты жасауға кінәлі деп танылды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

8 қыркүйек 2014, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.