Атырау, 26 қараша 00:48
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолы 2014 жылғы қарашада ашылады

2 058 просмотра

Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы теміржолы 2014 жылғы қарашадағы бірінші онкүндікте ашылады деп мәлімдеді бүгін Ақордада Иран Ислам Республикасының (ИИР) Президенті Хасан Руханидың қатысуымен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз екіжақты қарым-қатынастар бойынша нақты келісімдерге қол жеткіздік. Әсіресе, Каспий теңізінде салып жатқан терминалдар жайында сөз қозғадық. Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы теміржолы пайдалануға берілгеннен кейін біздің азық-түлік, бидайымызды саудалау мүмкіндігі бес есеге артады. Яғни, қазіргі кездегі 500 мың тоннадан кейін 2,5 млн. тоннаға дейін өседі. Теміржол он миллион тонна жүкті тасымалдау мүмкіндігін ашып отыр және бұл өте маңызды», - деді Президент.

Осы орайда Елбасы Иран тарапы осы жол арқылы ресейлік және қытайлық кеңістікке, ал Қазақстан Парсы шығанағының барлық мемлекеттеріне шыға алатындығын атап өтті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

9 қыркүйек 2014, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.