Атырау, 16 маусым 23:51
 ашықВ Атырау +26
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44

Тапанша екі аптадан соң табылды

3 857 рет қаралды

Жол-патрульдік қызметінің қызметкері қаруды жанармай құю бекетінде жоғалтып алған болатын.

Бұл оқиға тамыздың басындағы түндердің бірінде орын алды. Полицей қызмет бабында жүрген кезінде жанармай құю бекеттерінің бірінің әжетханасына кіріп, ұмытшақтығының кесірінен онда табельді тапаншаны қалдырып кеткен. Ал кейін оны алып кету үшін барғанда, қару орнында жоқ болады. Бірнеше күн бойы қаланың барлық полицейі оқпанды іздейді, таппайды. Тапаншаны тапқан азамат ҚІІБ-на әкеліп тапсырады.  

Қала прокуратурасының бөлім бастығы Аман ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТІҢ хабарлағанындай, қару ҚІІБ-на екі апта өткен соң қайтарылған.

Департаментте қаруды жоғалтқан полицейге қатысты ҚР ҚК-нің 316-бабы бойынша («Салақтық») қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге қаруды тауып, тапсырған ер адамға қатысты да тергеуалды тексеру жүргізілуде.    

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қыркүйек 2014, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.