Атырау, 27 қараша 15:50
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Күзгі асқыну: жылу үштен бір есеге қымбаттайды

2 891 просмотра

«Жылу энергиясын беру және тарату тарифі 33 пайызға көтеріледі», - деп хабарладыҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіндегі (ТМРАД) біздіңдереккөзіміз. Бұл ведомоство «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның биылғы жылдың 1 қазанынан бастап 2015-2017 жылдардың тарифін бекіту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Жылу берушілерқызметінің қымбаттауына ағымдағы жылдың 1 тамызында 1,5 млрдтеңге (ҚҚС-сыз) сомасында ТМРАД пен ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен 2015-2017 жылдардағы кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы себеп болған. ТМРА сайтында жылу тасымалдау тарифін көтеруден түскен инвестициялар Атырау қаласының жылу жүйелерін қайта жарақтауға және жаңартуға - 633 млн теңге, қолданыстағы активтерді жаңартуға және қолдауға – 308 млн теңге, энергия үнемдеуші технологияларға  – 447,6 млн теңге, жабдықтарды жаңартуға – 60,6 млн теңге жұмсалатын боладыдеп жазылған.

Осылайша, үстіміздегі жылдың қазанынан бастап Атырау қаласында жылу мен ыстық су қымбаттауы тиіс. Жаңа тарифті бекіту процесін аяқтау үшін «АЖЭО» АҚ ТМРАД-қа тұтынушылардың есепшоттарында көрсетілген жылудың негізгі құнын көтеру туралы өтінішпен шығуы тиіс.

Белгілі болғандай, тариф атыраулықтардың қалтасына ауыр тимес үшін үйлері жылу есептегіштермен жабдықталған тұрғындарға арналған жылудың жеңілдік тарифтерін жою туралы мәселе қарастырылуда. ТМРАД экономистерінің пікірі бойынша, бұл өзгеріс жылу берушілерқызметінің қымбаттау деңгейін жартылай азайтуғамүмкіндік береді.

Облыстық әкімдіктегі дереккөздеріміз өңір әкімшілігінің монополистке жаңа тарифті енгізуді 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдыруды ұсынатындығын хабарлайды.

Сондай-ақ, үкімет қаулысымен 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Атырау ЖЭО-да электр энергиясының жіберубағасын бір киловаттына  7-ден 7,3 теңгеге дейін көтеру қарастырылғанын еске саламыз.

МұратСҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қыркүйек 2014, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.