Атырау, 14 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +15
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Apple "ақылды" сағат пен алтыншы iPhone-ның тұсауын кесті

2 230 просмотра
Apple компаниясы Apple Watch "ақылды" сағаттары мен iPhone 6 смартфонының тұсауын кесті. 

Сағаттың бірнеше функциясы бар. Ол фитнесс-сақинаның ролін атқарып, iPhone смартфонымен тікелей байланыста болады.
Компания сонымен қатар, алтыншы iPhone-ның екі түрінің де презентациясын жасады. Олардың екеуі де көлемі жағынан алдыңғы смартфондардан үлкенірек. Бірінішінің диагоналі 4,7 дюйм, екіншісі одан сәл көлемдірек, яғни 5,5 дюйим.
Смартфондар жаңа А8 процессорының базасында жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде өнімділікті 25 пайызға арттырады.
Жаңа аппараттың камералары бұрынғыдай 8 мегапиксель. Дегенмен, түсірілген бейненің сапасы әлдеқайда жоғарырақ.
Смартфондар сатылымға Батыс елдерінде 19 қыркүйектен бастап шығарылады.

Дереккөз: Baq.kz

10 қыркүйек 2014, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.