Беларусьте екі адамды асқан қатыгездікпен өлтірген қазақстандықтар ұсталды
1 742 просмотра
Минскіде екі адамды асқан қатыгездікпен өлтірген қазақстандықтар Беларуське жеткізілді, деп хабарлайды BNews.kz.
«2012 жылдың 10 желтоқсанында Беларусь Республикасы Минск қаласында жалға алынған пәтерде зорлықпен өлтірілген екі ер адамның мәйіттері табылды. Анықталғанындай, көз жұмғандардың бірі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі – Ресей азаматы (1985 және 1982 жылы туғандар) екен. Қаскөйлер жәбірленушілерге бірнеше рет пышақ сұғып, аяусыз өлтірген. Содан кейін оларға тиесілі ірі сомадағы ақшаны алып, оқиға орнынан іздерін жасырған»,- делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталмыш факті бойынша Беларусьтің тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады. Астана қалалық ІІД мен Беларусь Тергеу комитетінің өзара әрекет етуінің нәтижесінде аталмыш қылмысты жасаған күдіктілер ҚР аумағында анықталды. Олар 29 және 32 жастағы Қазақстан азаматтары екен.
Жауап алу барысында ұсталғандар кінәларын мойындады.
«Беларусь Республикасының құқық қорғау органдары қозғаған қылмыстық іс одан әрі тексеріс үшін Астана қаласы ІІД-ғажолданды. Қылмыстық істі тексеру барысында Астана қаласы ІІД жедел тергеу тобы айыпталушыларды тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Минскіге жеткізді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда қылмыстық іс ҚР ҚПК 280 бабы тәртібінде оны одан әрі сотқа тапсыру үшін Астана қаласы прокуратурасына жолданды.